Анонс


«Көшпенділер» атты дербес көрменің ашылуы өтеді Таңдаулы

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан 2015 15:53
«Көшпенділер» атты дербес көрменің ашылуы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық  музейінде Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Марат Габдрахмановтың  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көшпенділер» атты  дербес көрмесінің  ашылуы болады.

Марат Рахметолаұлы Ақтөбе облысында туған. 1990 жылы Ресей, Нижний Тагил қаласының, Орал қолданбалы өнер училищесінің металл өңдеу бөлімін, 1992 жылы Қ.Жұбанов атындағы көркемсурет университетін бітірді. 1996-1998 жылдар аралығында  Елбасының «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «PRATT» өнер институтында білімін шыңдады. 

Ол шығармашылық жолында  бейнелеу өнерінің кез-келген түрінде, мүсін, көркемсурет те болсын алдына ұдайы жаңа міндеттер қояды. «Дарын» жастар сыйлығының иегері.

Бұл жолғы көрмеге автордың қазақтың мәдениетін, тарихы мен тұрмысын айқындайтын 48 туындысы ұсынылып отыр.

Марат Габдрахмановтың дербес шығармашылық көрмелері Ақтөбе  (1995г.), Алматы (1996 г.), Нью-Йорк, АҚШ (1998 г.), Атырау (2001г.), Астана (2002г.) қалаларында өтті. 

Ақтөбеде алғаш рет  ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Конституция күніне арналған «Plein Air Aktobe» атта халықаралық кескіндеме фестивалінің дипломанты, ұйымдастырушысы болды.

Ақтау қаласында  дәстүрлі түрде өтетін халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі аясында  ұйымдастырылған «Ең үздік сәндік – қолданбалы өнер туындылары» конкурсының «Ең үздік қолөнер туындысы» номинациясы бойынша  Гран – приді ұтып алды. Батыс Қазақстан облысы «Өнер» қоғамдық қоры  ұйымдастырған  Халықаралық «Жазира Жайық - 2011» көрмесінің дипломанты. 

«Көшпенділер» атты  алғашқы жеке көрмесін Ақтау мен Атырау қалаларында ұйымдастырды.

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдыға орай Ақтөбе облысында алғаш рет дәнекерлеу техникасындағы мүсіндер симпозиумын ұймдастырды.

«Көшпенділер» көрмесі 24 желтоқсан күні сағат 16.00-де ашылып, 2016 жылғы 24 қаңтарға дейін жалғасады

 

5668 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper