Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жетекші отандық зертханаларда қайта қалпына келтірілген бірегей табыстарының ауқымды коллекциясын жұртшылық назарына ұсынды. Осы салада маманданған екі жетекші ұйым ҚР МСМ «Қазреставрация» РМК және «Остров Крым» ғылыми қайта қалпына келтіру зертханасы қайта қалпына келтіру және консервациялау бойынша атқарған жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
Өткенді объективті жаңғырту бүгінгі ұрпақ үшін маңызды міндет болып табылады. Біз өз кезегінде келесі ұрпаққа тапсыратын бабаларымыз жүріп өткен тарихи жолды көрсету үшін тек шынайы білім ғана сенімді негіз бола алады.
- Елбасының бастамасымен 2004-2011 жылдары жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің стратегиялық жоспары аясында жалғасын табуда. Біз қазақ халқының бай мәдени мұрасын зерттеу, оның ішінде ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру бойынша бес жыл көлеміндегі жұмысының нәтижесі, - деп атап өтті мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Осы шара аясында Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қорғандардан табылған 968 археологиялық жәдігер музейге тапсырылды. Аталмыш ескерткіштер танымал қазақстандық археолог Зейнолла Самашевтің Берел қорғанында жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған болатын. Музейге келушілер қайта қалпына келтірілген ежелгі заман заттарын музейдің атриумында ашылатын «Өткен күнгі бейнелердің бүгінгі көрінісі» көрмесінен тамашалай алады.
«Реставраторлардың қызметі көне бұйымдарды қайта қалпына келтіру ісіндегі ең маңызды қызмет болып табылады. Мұндай өте құнды мәліметтерді археологтар мен тарихшылардың көмегімен табу бар, алайда біз реставраторларсыз ежелгі шеберлер жасаған таңқаларлық керемет әлемді толығымен ешқашан көрсете алмаған болар едік» - деп атап өтті «Қазқайтажаңғырту» РМҚ директоры Арнұр Қарымсақов.
Ұлттық музей қабырғасында өткізіліп жатқан шара аясында, қатысушылар үшін еліміздің реставраторларының маңдай терін төккен шын мәніндегі зор еңбегімен тікелей танысу мүмкіндігі тумақ. Сонымен қатар, көрмеде «Остров Крым» ғылыми қайта қалпына келтіру зертханасының қызметкерлері органикалық артефактілерді алғашқы қайта қалпына келтіру бойынша практикалық сабақ жүргізеді.
«Остров Крым» ғылыми қайта қалпына келтіру зертханасының директоры Қ. Алтынбековтің сөзіне қарағанда, затты бастапқы қалпына келтірмес бұрын халықтың мәдениетін, дінін, пәлсапалық дүние танымын, оның қоршаған ортамен, табиғатпен, космоспен қарым-қатынасын түсіну қажет. Тек сонда ғана табысқа жетуге болады. Олай болмаған жағдайда қайта қалпына келтірілген зат жасанды алдамыш бос нәрсе болып көрінеді.
Көрме ежелгі шеберлердің пішіндері үлкен де кіші де жұмыстары көрсетілетіндігімен ерекшеленеді. Осылайша, көрме қонақтары сол уақыт үшін күрделі деп саналатын құрылыстарды дүниеге әкелген ежелгі сәулетшілердің жұмыстарымен, осындай сұлулықты жасауда серіктес болған шеберлердің қолынан шыққан әрі асқан шеберлікпен жасалған нәзік жұмыстарының нәтижесіндегі бұйымдардың ғажайып әлемімен таныса алады.
Шара аясында ежелгі артефактілерді құтқару бойынша атқарылған көп жылдық еңбектің нәтижесі таныстырылды. Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қорғандардан табылған 968 археологиялық жәдігер музейге өткізілуге дайындалды. Музейге өткізілетін барлық заттың сақтау шарты бойынша ұсыныстар берілген реставрациялық паспорты бар.