Көрмені ұйымдастырушы Қазақстан мен Тәжікстандағы Швейцария Елшілігі мен «Еуразия мәдени альянсы» ҚҰ, қаржылық қолдау жасаған «Қазақмыс» ЖШС.
Экспозицияға Буэнос-Айресте, Парижде, Брнода және Өскеменде жасалған суреттер кіреді. 2014 жылының қазан айында «Қазақмыс» компаниясының шақыруымен Жан Паоло Минелли Өскемен қаласын аралады.
Жан Паоло Минелли Швейцарияда, Женева қаласында дүниеге келген. 1999 жылдан бастап ол Буэйнос-Айрес қаласында тұрады. Оның фотосуреттері бүкіл жер жүзінде 80-ге жуық жеке және бірлескен көрмелерінде көрсетілген.
Басқа жүлделердін арасында Минелли Швейцарияның Өнерді марапаттау (Swiss Art Awards 2008) жүлдесін, сондай-ақ Көзбен шолу өнері үшін Федерико Жорж Клемм жүлдесінің оныншы шығаруында қазылар алқасының көтермелеу сыйлығын (Буэнос-Айрес 2006) алған.
Айта өтейік, көрме 17 мамыр күні сағат 18.30-да ашылып, 6 маусымға дейін жалғасады.