Анонс


Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі «Чернобыль жаңғырығы» көрмесін ашты (ФОТО)

Бейсенбі, 28 Сәуір 2016 02:33
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі «Чернобыль  жаңғырығы» көрмесін ашты (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде   Чернобыльдегі атом электр станциясында болған жарылысқа  30 жыл толуына орай  «Чернобыль  жаңғырығы» атты  көрме ұйымдастырылды.

Көрме көрермендерге Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың әскери және отаншылдық борышын, ар-намыспен атқарған атыраулық жауынгер-залалсыздандырушылардың жанкешті ерлік еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге Чернобыль апаты зардаптарын жоюға көмектесіп абыроймен атқарған атыраулық азаматтардың Отан үшін, ел үшін,  ұрпақ үшін көрсеткен ерліктерінен сыр шертетін  жеке, тарихи мұрағаттық фотосуреттері мен өмірдеректері, марапаттаулары,  кітаптар мен баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары және Чернобыль апатты зардабын жою кезінде алған радиациялық сәулелі доза мөлшері көрсетілген анықтамалары, жауынгер-залалсыздандырушылар киген эксперименттік әскери киімі,  радиациялық және химиялық барлау аспаптары (дозиметр-радиометр), газ тұтқыш (улы газдан қорғайтын аспап) және т.б. заттары қойылды.

1986 жылы Чернобылдегі атом электростанциясындағы ядролық апатты жоюға 35000-дай қазақстандықтар қатысты, олардың 1500-атыраулықтар болды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 270 чернобыльдықтар тұрады. Аталған шараға Атырау облысы «Чернобыль ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Б.Даулетияр, №41433 әскери бөлімінің лейтенаты А.Шабанбаев сарбаздардарымен, Чернобыль апат салдарын жоюға қатынасқандар және олардың ұрпақтары, БАҚ өкілдері қатынасты. Шара барысында Чернобыль апаты туралы деректі фильм көрсетіліп, қонақтар - сол ұмытылмайтын оқиғаның қатысушылары - апат салдарларын қалай жойғандарын, қандай қиындықтардан өткендері туралы естеліктерімен бөлісіп, жас буын сарбаздарды патриоттық рухқа тәрбиеледі.

Шараны қорытындылай келе Атырау облысы "Чернобыль ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Б.Даулетияр бірнеше атыраулық апат-зардап жұмысына қатысушыларды ҚР «Чернобыль Одағы» заңды тұлғалар ассоциациясының арнайы мерекелік медалімен және аталған бөлімнің Алғыс хатымен марапаттады. 

3193 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper