Анонс


Ұлттық музей «Словарь терминов» атты кітаптің тұсаукесерін өткізеді

Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 00:47
Ұлттық музей «Словарь терминов» атты кітаптің тұсаукесерін өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 12 мамыр күні сағат 12:00-де жаңадан жарық көрген ғылыми басылымдарға арналған дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылы «Мәдениет және өнер саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу мен танымал ету және мұрағат ісіне асырудың тиімділігін арттыру» бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Словарь терминов» (О.Мартынюк, Д.Мыңбай, Ж.Таймагамбетов) және «Искусство палеолита Евразии» (Ж.Таймагамбетов, Н.Сойкина) кітаптарын шығарды.

«Словарь терминов» - мифология, археология, қосалқы тарихи пәндер, этнография, өнер тарихы, Қазақстанның және іргелес аймақтардың тарихы сынды адамзаттың ежелгі тарихын зерттейтін ғылыми пәндер бойынша ғылыми-ақпараттық терминдер жинақталған музейдің алғашқы ғылыми басылымы.

«Искусство палеолита Евразии» - отандық тарих ғылымының ғылыми айналымына бірінші рет енгізіліп отырған материалдарды қисынмен баяндауға мүмкіндік берген еңбек.Сонымен қатар, ғылыми әдістерге және палеолит суретінің заманауи қағидаларына сүйене отырып көптеген дереккөздерібір жүйеге түсірілген және талдау жасалғанмонография болып табылады.

 Ғылыми басылымдар ежелгі тарихқа, археологияға, философияға, мәдениеттануға, мифологияға, өнердің шығу тарихына және т.б. қызығушылық танытатындар үшін пайдалы болмақ. 

 

2826 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper