Анонс


Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған экспозиция ашылды

Сейсенбі, 17 Мамыр 2016 03:02
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған экспозиция ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Қазақстан Тәуелсіздігі» экспозициялық  залы  ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Шара еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімен Атырау облысының экономикалық даму тарихы,  Ассамблея шаңырағының астына жиылған Атырау  облысында  тіркелген этно-мәдени бірлестіктердің тыныс тіршілігі және  индустрияландыру картасы шеңберінде  облыста жүзеге асырылған жобалар бойынша  инновациялық мекемелер тарихы мен оларға қатысты жәдігерлерді көрермендерге насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

«Қазақстан  Тәуелсіздігі»  экспозициялық залына Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары,ҚКСР-ның Қазақстан Республикасы атануы туралы, Алматы, 10 желтоқсандағы  1991 жылғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы  Заңының   көшірмелері,  Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша теңгенің айналысқа енгізілуі, теңге үлгілері, Гурьев атауының Атырауқаласы болып   өзгеруі туралы  1992 жылғы ақпандағы жарлығы, Елбасының  Атырау облысына  келуіне байланысты фотосуреттер, Атырау облысының  тәуелсіздік жылдарындағы  экономикалық даму тарихын бейнелейтін мұнай және балық өндірісі мекемелері, ЕҚЫҰ және «ЭКСПО - 2017»  көрмесіне байланысты  фотосуреттер,  Индустрияландыру картасы шеңберінде  жүзеге асырылған жобалар бойынша облыстағы инновациялық мекемелер: Алмалы Құс» ЖШС-ның құс фабрикасы, «Первомай БК» ЖШС-ның сүт өңдеу және қышқыл-сүт өнімдерінің өндірісі кешені, «Полимер Продакшн» ЖШС-нің полимерлік өнім өндірісі, «Kaspi Lana Atyrau» (Каспий Лана Атырау) ЖШС-нің жүн өнімдерінің өндірісі,   «Атырау Агро Феликс» ЖШС-нің консервіленген көкөніс өнімдерін шығару жөніндегі өндірістік кешені,  «Асыл Агро» ШҚ-ның ет өңдеу, колбаса өнімдерін шығару және ет консервілері цехы, «Сарайшық» ЖШС асыл тұқымды шаруашылығы, «Каспий - Балық» ӨК, «Заман Групп» ЖШС, «Брандо» ЖШС  және т.б мекемелердің тарихы, фотосуреттері мен өнімдерінің үлгілері,  Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облыстық филиалы құрамындағы  17 этномәдени бірлестіктер: «Довира» украин ЭМБ, «Тхоньил» корей ЭМБ, «Былина»  орыс ЭМБ, «Татулық» татар  ЭМБ, «Еділ -Жайық» қарақалпақ ЭМБ, «Иверия» грузин ұлттық ЭМБ және т.б. ұлттық қолөнер  бұйымдары және фотосуреттері, заттай бұйымдар және  құжаттар мен  фотосуреттер қойылды.

Шара барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Мұқан құттықтау сөз сөйледі.

 Аталған көрменің салтанатты ашылуында лента қию рәсімін Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Мұқан, Атырау облысының Құрметті азаматы, Мәдениет саласының ардагері О.Қарасаев  және партия, кеңес  саласында басшылық қызмет  атқарған, республикалық дәрежедегі зейнеткер  М.Сабирова  жасады.

Залдың ашылуы рәсімінен соң музей алаңында Атырау облысы әкімінің және Ассамблея өкілдерінің, облыс ардагерлерінің   және №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп–гимназиясы оқушыларының  қатынасуымен көшеттер (25 түп)  отырғызылды.

 

 

 

 

 

 

3630 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper