Анонс


«Словарь терминов» және «Искусство палеолита Евразии» ғылыми еңбектерінің тұсаукесері өтті

Сейсенбі, 17 Мамыр 2016 02:27
«Словарь терминов» және «Искусство палеолита Евразии» ғылыми еңбектерінің тұсаукесері өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жаңадан жарық көрген «Словарь терминов» және «Искусство палеолита Евразии»ғылыми еңбектеріне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Жиынның ашылуында сөз алған Ұлттық музей директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов аталмыш еңбектердің жарыққа шығуына тоқталып, осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әрі қарай да жалғасатынын айтты.

Палеолит дәуіріне арналған сөздік дайындауды мен студент кезімнен мақсат еттім. 2006 жылы ғалым Олег Мартынюкпен жолығып қалғанымызда ол осы тақырыпта еңбектеніп жүргенін айтты. Қазақ даласында ежелгі заманның сырларын ішіне бүккен шежірелі өлкелер жеткілікті. Мен осы уақытқа дейін ежелгі тас дәуірі туралы көп зерттедім. Десе де әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар. Сондықтан да ғылым жолындағы ізденістер ары қарай жалғасуы керек.Ал ол үшін зерттелген дүниелер қорытындыланып, оқырман қауымға жетіп отыруы өте маңызды, - деді Ж.Таймағмбетов.

«Словарь терминов» - мифология, археология, қосалқы тарихи пәндер, этнография, өнер тарихы, Қазақстанның және іргелес аймақтардың тарихы сынды адамзаттың ежелгі тарихын зерттейтін ғылыми пәндер бойынша ғылыми-ақпараттық терминдер жинақталған музейдің алғашқы ғылыми басылымы.

Ал, «Искусство палеолита Евразии» - отандық тарих ғылымының ғылыми айналымына бірінші рет енгізіліп отырған материалдарды қисынмен баяндауға мүмкіндік берген еңбек.Сонымен қатар, ғылыми әдістерге және палеолит суретінің заманауи қағидаларына сүйене отырып көптеген дереккөздерібір жүйеге түсірілген және талдау жасалғанмонография болып табылады.

 Ғылыми басылымдар ежелгі тарихқа, археологияға, философияға, мәдениеттануға, мифологияға, өнердің шығу тарихына және т.б. қызығушылық танытатындар үшін пайдалы болмақ. 

 

2624 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper