Анонс


Н.Назарбаевқа табыс етілген сыйлықтар көрмеге қойылады Таңдаулы

Бейсенбі, 09 Маусым 2016 15:27
Н.Назарбаевқа табыс етілген сыйлықтар көрмеге қойылады KAZMUSEUM.KZ -  

 Алматы облысының Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылуы болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Алғаш рет «Уақыт құдіреті» көрмесі ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде жаңа 2016 жылдың қарсаңында ашылып, елорда тұрғындары мен қонақтарының арасында өте сәтті өтті. Аталған көрменің бірегейлігі мен қалың көпшіліктің қызығушылығын ескере отырып, топтаманы аймақтарға шығару туралы шешім қабылданды.

Н.Ә. Назарбаевтың туған күні қарсаңында Елбасының туған жерінде ашылатын көрме Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына Музей қорындағы бірегей әрі қайталанбас сағаттар топтамасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Елбасына табыс етілген әрбір сыйлық Қазақстан халқы мен оның Президентіне  деген айрықша құрметтің белгісі.

Музейдің сағаттар коллекциясының ең үздік үлгілері Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясын безендіреді. Көрмені шын мәнінде бірегей деп айтуға болады, өйткені экспозицияда сағат өнерінің биік шыңына жеткен 50 астам әр түрлі және көбінесе сирек кездесетін туындылар ұсынылған. Жәдігерлердің арасында - пішіні, орындалу техникасы мен жасалу уақыты бойынша алуан түрлі камин, үстел, қабырға, қалта және қол сағаттары. Көз тартарлық скелетон сағаттары, түрлі көркемдік техникалар мен материалдардан жасалынған сағаттар, XIX-XX ғғ. кең тараған танымал үлгілері және, сонымен қатар, еуропа сағатшыларының лайықты даңқын артқан үлгілер - көрмеге жинақталып қойылған.

«Уақыт Құдіреті» көрмесі 2016 ж. 16 маусымда сағат 13.00-де  ашылып, 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.

 

4867 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper