Анонс


«Әзірет Сұлтан» музейі түркі елдері басшыларының фотосуреттерінен көрме ұйымдастырды

Бейсенбі, 09 Маусым 2016 15:21
«Әзірет Сұлтан» музейі түркі елдері басшыларының фотосуреттерінен көрме ұйымдастырды KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Тарихтан тартқан тағылым»  тақырыбындағы фотокөрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тарихтан тартқан тағылым» фотокөрмесінің ашылу салтанатына «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры  Жандос Әубәкір, музей қызметкерлері және қала қонақтары қатысты.

Көрме экпозициясына музей қорында сақталған 50-ден астам фотосуреттер қойылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1985-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер кабинетінің басшысы кезіндегі Түркістанға келген сапарынан фотосуреттер, ұлықтау рәсімінен көріністер, бауырлас Түркия Республикасының Президенттері Тұрғыт Озал (1992ж), Сүлеймен Демирел (1993ж), Ахмет Сезар (2000ж), Абдулла Гүл (2010ж), Р.Т. Ердоған (2015ж), Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовпен (1994, 1997, 1999 жж), келген сапарлары, 2002 жылы Түркістанда өткен ІІ-ші дүниежүзілік қазақтар құрылтайы, және де 2005ж, 2010ж, 2011 жылдары келген ресми сапарларынан сыр шерткен сырлы да тарихи фотосуреттері қойылды.

Сонымен қатар, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Б.Саттархановпен, «Мерейлі отбасы – 2014» республикалық байқауының жеңімпазы түркістандық Е.Бимағамбетовтың фотосуреттері көрмеден көрініс тапты. 

Көрме көпшілік назарына бір ай көлемінде жұмыс жасайды.

 

4521 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper