
Super User
Өскемендегі Шығыс Қазақстан өнер музейінде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты халықаралық суретшілер плэнері өтті, деп хабарлады музей әкімшілігінен.
Әлемдегі ең танымал әйелдерге арналған музейлер (ФОТО)
Әлем елдерінде нәзік жандыларға арналған түрлі музейлер бар. Талай ақындар, композиторлар мен жазушылардың шығармаларына арқау болған әйел қауымы – әдемілік пен нәзіктіктің символы екеніне ешкім дау айтпас. Тек қана көрікті арулар, аналар туралы сыр шертіп, есімдері тарих бетінде мәңгіге қалған қыз-келіншектердің ерлігі немесе әйел қауымының қолынан шыққан шығармашылық туындылар қойылған музейлер бүгінде сан мыңдаған туристер саяхаттап баратын мәдениет орынына айналған. Дәл осындай әйел қауымына арналған айрықша музей Қазақстанда да бар.
Гүлмира Шалабаева: «Біз заманауи музейге айналуды мақсат етіп отырмыз»
Қазақстандағы музейлердің ішінде Ә.Қастеев атындағы өнер музейі еліміздегі көркемсурет өнерінің тарихы мен бүгіні жайлы жайлы сыр шертетін қарашаңыраққа айналып үлгерді. Жуырда Vlast.kz интернет журналында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлмира Шалабаеваның сұхбаты жарық көрді. Назарларыңызға сұхбаттың ықшамдалған нұсқасын ұсынамыз.
Музей ісі мамандығы бойынша грантқа түскен талапкерлердің тізімі
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2015 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады. Назарларыңызға музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша білім гранттарын иеленген талапкерлердің тізімін ұсынамыз.
Қазақ хандығы құрылғанға дейін Қазақстан жерінде 20-ға жуық мемлекет болған
550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығы құрылғанға дейін Қазақстан жерінде 20-ға жуық мемлекет болған. Қазақ хандығы өзіне дейінгі сол мемлекеттердің заңды мұрагері. Бұл туралы AlmatyNews AA-нің тілшісіне берген сұхбатында тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев айтты.
Қаңлы тайпасына жататын жауынгер әйелдің мүрдесі табылды
Оңтүстік Қазақстан облысында археологтар алғаш рет жауынгер әйелдің қабірін тапты. Жауынгер әйел толықтай қаруланған. Мамандардың болжамы бойынша әйел б.з.д. 2 ғасыр мен б.з. 4 ғасыр аралығында өмір сүрген. Сонымен қатар, әйелдің Қаңлы мемлекетіне тиесілі екені де анықталды.
Қарағандылық зергерлер «ЭКСПО - 2017» көрмесіне жолдама алды
Қарағандылық зергерлер «Сарыарқа кәдесыйлары» байқауында жеңімпаз атанып, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне жолдама алды, деп жазады "Хабар" арнасының сайты.
«Анаға құрмет» музейі - Алматы облысының мақтанашы
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында елімізде теңдесі жоқ «Анаға құрмет» музейі жұмыс істейді. Ашылғанына бір жылдан енді ғана асқан музей өңірдегі танымал нысандардың біріне айналды.
«Қазпошта» АҚ Ұлттық музейге пошта маркаларын сыйға тартты
ҚР Ұлттық музейіне «Қазпошта» АҚ 2 данадан 924 пошта маркаларын сақтауға тапсырды.
«Атамекен» кешенін 3 айда 13 мың адам тамашалаған
Жыл сайын 1 мамырдан бастап «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені қалатұрғындары мен қонақтарына есігін ашады. Биылғы жылы кешеннің ашылған күнінен бастап оны тамашалауға 13 мыңға жуық адам келген. Ол туралы қалалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады. Танымдық-көркемдік кешен Қазақстанның тарихымен және елімізде тұратын халықтардың мәдениетінен сыр шертеді.