Қазақстан тарихы жайлы еңбектерде Қаңлы мемлекетінде жауынгер әйелдердің болғандығы туралы мәліметтер кездеспейді. Қазіргі уақытта археологтар жауынгер әйелдің сүйегін өте мұқият тексеруден өткізуде. Әйелдің қаңқасы өте нәзік, болжам бойынша әйел қаңқасының жасы 2300 жылдан асады. Әйелдің оң жақ қолынан екі түрлі жебенің ұштары, «М» пішініндегі садақ элементтері, қанжар, кішкентай пышақ табылды. Ал, сол жақ қолының жанынан үлкен қылыш пен көптеген сүйектен жасалған заттар табылды.
Мамандар жауынгер әйелді енді Қазақстан Орталық мемлекеттік музейінің қорына жібермек. Басқа да табылған заттар арнайы тексеріске жіберіледі. Айта өтейік, ОҚО өңірінен осы археологиялық маусымда табылған жәдігерлер өте көп. Зерттеулер жүргізіліп жатқан Күлтөбе қалашығында 2000 жыл бұрын үлкен қала болғаны да анықталды. Археологтар экспедициясы 23 жыл бойы осы жерден көптеген жәдігерлер табуда. Қазір де тағы бір қорғанды қазу жұмыстары басталып кетті. Мамандардың айтуынша бұл жерде де қызықты заттардың табылуы әбден мүмкін.
Алтын ЗАЙНУЛЛИНА,
ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері.