Анонс


Қарағандылық зергерлер «ЭКСПО - 2017» көрмесіне жолдама алды

Дүйсенбі, 10 Тамыз 2015 11:35
Қарағандылық зергерлер «ЭКСПО - 2017» көрмесіне жолдама алды KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағандылық зергерлер «Сарыарқа кәдесыйлары» байқауында жеңімпаз атанып, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне жолдама алды, деп жазады "Хабар" арнасының сайты. 

Цех шеберлері бұйымдарды барынша ұлттық стильде дайындауға тырысады. Өздерінің авторлық жұмыстарымен олар түрлі көрмелерде алғашқы орындарды иеленген. Қазір шеберлер «ЭКСПО» көрмесіне апаратын бұйымдарын жасауда. Күмістен әзірленген салпыншақтар мен еліміздің рәміздері бейнеленген әшекейлер  ЭКСПО-да кәдесый ретінде көрсетіледі. Бұл әзірге  жаппай өндірумен айналысатын Қарағандыдағы жалғыз цех.    Қазір шеберлер бұйымдарды әзірлеудің алғашқы шенінде. Дайын әшекей мүлдем басқа болып шығады. Алтын немесе күміс алдын ала әзірленген үлгіге құйылып, одан кейін оны кесу және ысып жылтырату жұмыстары жүзеге асады.

Александр Борзилов, «Жемчужина» ЖК техникалық  директоры:  

-Біз үшін тұтынушылардың пікірі маңызды. Яғни біздің дүкендерден қандай бұйымдар көргісі келетіні және қай тауарға ұсыныстың басым екенін білуіміз қажет. Әрине біз әр бұйымның үлгісіне дәстүрлі ұлттық оюларды қосуға тырысамыз. Оның әр қайсысы сынама палатасында сертификаттаудан өтеді.  Бір бұйымды жасауға шебер бір ай уақытын сарп етуі мүмкін. Нәзік жандылар көбінесе ұлттық ою-өрнектермен безендірілген әшекейлерді ұнатады. Ал қайталанбас авторлық бұйым дайындап шығару үшін шеберлер мұрағаттық фотоларды қолданады.

Айко Абиль, «Жемчужина» ЖК кеңесшісі:

-Мұндағы әр үлгі дизайнерлік жұмыс болып есептеледі. Көрме сөресіндегі бұйымдар қазақстандық алтын мен тастардан жасалған. Он жыл бұрын цехта үш адам жұмыс жасаса, қазір мұнда 35 адам еңбек етеді.

Заманауи технологиялармен жабдықталған зергерлік ошақ алдағы уақыттарда өз брендін дамытуды көздеп отыр.  

 
2696 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper