Бұл металл ыдыстарға ою-өрнек салуға арналған сирек кездесетін, аса ауыр еңбекті қажет ететін техника.
- Орта ғасырда алтынордалық Азақ қаласында жұмыс істейтін қыштан зат жасаушылар көркем керамика өндіруде өздерінің жеке әшекейлі стилін құрды, - дейді археология бөлімінің меңгерушісі, Азов музей-қорығының ғылыми қызметкері Андрей Масловский.
XIII ғасырда қазіргі Азовтың орнында алтынордалық Азақ қаласы болған. Ол арқылы Еуропа мен Қытай арасындағы ұлы сауда жолы өтіп, сондай-ақ Еуразияның солтүстігі мен Константинополь арасындағы қатынастың негізгі күретамырына айналған. Қала ірі сауда, қолөнер орталығы болды. XIV-XV ғасырларда өз монеталарын шығарған. 1365 жылы қаланы Ақсақ темір әскері жаулады, Ал 1471 жылы түріктер басып алып, оны Осман империясының қуатты әскери бекінісіне айналдырды.