Қазақстандық тарихшылар Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейіндегі Кейкі батырдың бассүйегімен қоса онда оның кем дегенде жеті қанаттасынының бассүйегі бар екенін анықтады. Олар ол бассүйектерді Қазақстанған кейінірек қайтаруды жоспарлап отыр. "Бассүйектердің қазақ ұлты мен Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын ескере отырып, біз ғалымдарымызға тағы да осы бассүйектерді қайта қарап шығуды тапсырдық", - деді Мединский.
Өз кезегінде ҚР мәдениет және спорт министрі екі апта ішінде бассүйектердің Қазақстанға қайтарылатынын мәлімдеді. "Қазір венгр ғалымдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ғалымдар бассүйек расында да Кейкі батырға тиесілі ме, жоқ па соны анықтау үшін ДНҚ сараптамаларын алып жатыр", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы
Еске салайық, осыған дейін Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейінің әкімшілігі қазақтың Кейкі батыры мен Кенесары ханының бас сүйектерін қайтару мәселесіне орай ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Фото: yvision.kz