Байқау 2016 жылғы 15 қыркүйек-15 желтоқсан аралығында өтеді. Байқауға қатысуға кәсіби суретшілер шақырылады. Сыйлықақының жалпы қоры - бір миллион теңге.
Байқаудың мақсаты және міндеттері:
- Ұлы Дала еліндегі маңызды тарихи оқиғалар және көрнекті тарихи тұлғалардың көркем бейнесін нақты көрсету арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қазақстандықтардың тарихи оқиғаларға көзқарастарын қалыптастыру.
- Тарихи жанрды (тарихи-тұрмыстық жанр, тарихи-этнографиялық жанр, кескінді тарихи композиция, тарихи пейзаж, соғыс тақырыбындағы сюжетті жанр) дәріптеу.
- Суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін жандандыру және олардың кәсіби деңгейін көтеру.
- Басты шығармашылық жетістіктерді анықтау және отандық заманауи бейнелеу өнеріндегі жаңа үрдістерге жұртшылықтың назарын кеңінен аудару.
Байланысу:
010000, Астана қ., Тәуелсіздік, 54.
тел.: +7(7172) 91 90 35, +7(7172) 91 90 36
e-mail: Ulttyk_muzei@mail.ru
Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды
бейнелеген заманауи бейнелеу өнеріндегі
туындылардың эскиздерін жасауға
байқау
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі (бұдан әрі - Музей) Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелеген кескіндемелік және графикалық сурет, мүсін (білдекті, монументалды-сәндік), инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздерін жасауға байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты және міндеттері:
- Ұлы Дала еліндегі маңызды тарихи оқиғалар және көрнекті тарихи тұлғалардың көркем бейнесін нақты көрсету арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қазақстандықтардың тарихи дүниеге көзқарастарын қалыптастыру.
- Тарихи жанрды (тарихи-тұрмыстық жанр, тарихи-этнографиялық жанр, кескінді тарихи композиция, тарихи пейзаж, соғыс тақырыбындағы сюжетті жанр) дәріптеу.
- Суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін жандандыру және олардың кәсіби деңгейін көтеру.
- Басты шығармашылық жетістіктерді анықтау отандық заманауи бейнелеу өнеріндегі жаңа үрдістерге жұртшылықтың назарын кеңінен аудару.
Байқау бір кезеңнен тұрады.
Байқаудың өту мерзімі: 2016 жылғы 15 қыркүйек-15 желтоқсан аралығы
I.Эскиздерге қойылатын талаптар:
1.1. Эскиздердің өлшемі (пішімі) А4-тен А1-ге дейін;
1.2. Эскиз саны суретшінің қалауына қарай (кейбір көріністерді жан-жақты орындауға болады);
1.3. Эскизге туындының тұжырымдамасы қоса беріледі (1-2 парақ);
1.4. Эскиз графикалық туынды ретінде экспозициялау үшін дайын болуы тиіс (жақтау, паспарту, ілмек).
II.Байқау шарттары:
2.1. Байқауға қатысуға арнайы орта білімді және жоғары білімді суретшілер шақырылады;
2.2. Эскиздерде ұсынылған тақырыптар бейнеленуі тиіс (қосымша№2);
2.3. Эскиз 2016 жылы жасалған және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек;
2.4. Суретшінің немесе суретшілер тобының бір не одан да көп эскиз ұсынуына болады;
2.5. Байқауда сыйлықақы алған эскиздер музей қорына өтеді, авторға қайтарылмайды;
2.6. Эскиздер музей поштасына жіберіледі немесе автордың өзі музейге жеткізеді;
2.7. Сауалнама, тұжырымдама музейдің электронды адресіне жіберіледі. Е-mail: Ulttyk_muzei@mail.ru;
Аталымдар байқау жұмыстарының болжалды орындалу техникасы бойынша белгіленеді. Әрбір аталым бойынша лауреаттар анықталады (1,2,3 жүлделі орындар).
Кескіндеме – аталымы, графика – аталымы, мүсін – аталымы, инсталляция – аталымы.
Эскиздердің көрмесі ұйымдастырылады. Аталымдар бойынша 1,2,3 орын алған жеңімпаздарға сыйлықақы беріледі. Байқау іріктеуінен өткен барлық байқауға қатысушылар байқау дипломанттары атанады және оны растайтын байқауға қатысушы дипломы беріледі.
III. Байқау бюджеті:
3.1. Бюджет музейдің өз қаржысынан және демеушілік қаржы көздерінен құралады.
3.2. Бюджет байқау көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалады: баспа өнімдерін шығаруға (афиша, шақыру қағаздары), эскиздердің көрмесін ұйымдастыру үшін жұмсалатын және экспозициялық материалдар алуға;
3.3. Аталымдар бойынша байқау жеңімпаздарына берілетін сыйлықақыға. Сыйлықақының жалпы қоры - 1 000000 (бір миллион теңге).
IV.Байқаудың ұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитеті:
4.1. Байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ұлттық музей;
4.2. Байқаудың дайындық жұмыстарын іске асыру және оны өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, ол байқаудың дайындығын және өткізілуін үйлестіреді, байқауға қазылар алқасының құрамын және жұмыс тәртібін бекітеді;
4.3. Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысушылармен іскерлік қатынас хаттарын жүргізеді, электронды нұсқадағы каталог дайындау үшін материалдарды мұрағаттауды ұйымдастырады;
4.4. Туындыларды іріктеуді мәдениет және өнер қайраткерлерінен, өнертанушы, ғалымдар, журналистер, меценаттар, коллекция жиюшылар және басқалардан тұратын конкурстық қазылар алқасы жүзеге асырады.
V. Қорытынды ереже:
5.1. Суретшілер байқауға қатысу арқылы ұсынған эскиздерін байқауды жарнамалауға және дәріптеу мақсатында жариялауға келіседі;
5.2. Осы Ережеде аталмаған барлық басқа мәселелерді ұйымдастырушылар шешеді;
5.3. Байқауға қатысу үшін эскиздерін ұсынған автор осы Ереженің шарттарымен келісті деп есептеледі.
ҚОСЫМША:
Экспонат сауалнамасы / Қосымша 1/
Қосымша 1
ҚАТЫСУШЫ САУАЛНАМАСЫ
1. Аты-жөні________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
2. Туған жылы, күні, айы _________________________________________________
3. Мекен жайы, телефоны, электронды пошта __________________________________________________________________________________________________________
4. Мамандық бойынша білімі ______________________________________________________________________________
________________________________________
5. Шығармашылық одақтарға және бірлестіктерге мүшелігі___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Көрмелерге қатысуы (өзіңіз үшін ең маңыздысы, бесеуден артық емес)
_________________________________________________________________________________________________________________________
7. Атақтары, марапаттары (өзіңіз үшін ең маңыздысы, бесеуден артық емес)
________________________________________________________________________
8. Қатысуға ұсынылған жұмыстардың тізімі (туындының атауы, жасалған жылы, өлшемі (см. биіктігі × ені)
__________________________________________________________________________
9. Автордың суреті
_________________________________________________________________________________________________________________
«_______» «____________________» 2016ж. __________________________________________________
(қолы)
Қатысушы сауалнамасын толтыруды және электронды поштаға жіберуді сұраймыз:
e-mail: Ulttyk_muzei@mail.ru
Қосымша 1.1
№ |
Тақырыптар |
Сипаты |
1 |
Қазақстан Тәуелсіздігі туралы Декларацияның қабылдануы |
|
2 |
Астана - Қазақстан Тәуелсіздігінің символы |
|
3 |
Алматы - Қазақстан Тәуелсіздігінің бесігі |
|
4 |
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы |
|
5 |
Тәуелсіз Қазақстан шекарасының шегенделуі |
|
6 |
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі |
|
7 |
Қазақ ғарышкерлері |
|
8 |
«Астана Опера» опера және балет театры |
Театр ғимаратының сәулеті |
9 |
ҚР Ұлттық музейі |
Музей құрылысы және ашылуы |
10 |
Астананың жасыл белдеуі (жасыл алқаптар) |
|
11 |
Новый Шелковый путь, Нұрлы Жол: Транспортная инфраструктура Жаңа Жібек жолы, Нұрлы Жол: Көлік инфрақұрылымы |
Новые железные дороги, новые автотрассы на территории Казахстана Қазақстан аумағындағы жаңа темір жолдар, жаңа автомобиль жолдары |
12 |
Астана күнін мерекелеу |
|
13 |
Назарбаев Университетінің студенттері |
|
14 |
Бәйтерек туралы аңыз |
|
15 |
«Алтын адам» археологиялық олжасы |
Бірегей археологиялық Есік қорғанындағы қазба жұмыстары |
16 |
Ботай өркениеті: жылқыны қолға үйрету |
|
17 |
Отырар кітапханасы |
Ортағасырлық кітапхана көрінісі, ұстаздар мен шәкірттердің кітапхана залдарындағы жұмыс көрінісі |
18 |
Хан сайлау рәсімі |
Хан көтеру салтанаты |
19 |
Сақ-парсы соғысы. Тұмар патшайым |
|
20 |
Ғұндардың Еуропаға келуі. Атилла |
|
21 |
Күлтегін ескерткіші |
|
22 |
Ұлы даланың ежелгі қалалары: Тараз, Отырар және басқалар |
|
23 |
Түркі жазуы |
|
24 |
Ортағасырлық ұстаз Әл-Фараби |
|
25 |
Жауынгер қазақ қызының жинақталған бейнесі |
|
26 |
Атақты Қоянды жәрмеңкесі |
|
27 |
Арал теңізіндегі қазақ балықшылары |
|
28 |
Кен өндіру |
|
29 |
Мұнай өндіру |
|
30 |
ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары |
«Алаш» қозғалысының қайраткерлері |
31 |
Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтар |
|
32 |
Қазақстан астаналары: Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана |
|
33 |
Ұжымдастыру кезеңі:1932-1933 жылдардағы ашаршылық |
|
34 |
Семей жеріндегі атом бомбасын сынау |
Жойқын қарудың зардаптары және қатерлері |
35 |
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы |
|
36 |
Арал теңізі |
|
37 |
Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов |
Париждегі күресі, қарсыласын жығып жатқан сәт |
38 |
Қазақстанның Олимпиада чемпиондары |
|
39 |
Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерліктері |
|
40 |
Всемирный Курултай казахов |
|