Анонс


Өзбекәлі Жәнібековтің мерейтойына арналған көрме ашылды

Бейсенбі, 29 Қыркүйек 2016 02:23
Өзбекәлі Жәнібековтің мерейтойына арналған көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Торғайдың Өзағасы» атты көрме өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Көрмені Қостанай облысы Арқалық ауданының «Дала өлкесі тарихы» музейі халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі музей ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 85 жыл толуына байланысты ұйымдастырды.

Жиынды «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір ашып, Ө.Жәнібековтің еліміздің мәдени-рухани дамуына қосқан үлесіне тоқталды. Сондай-ақ Арқалық ауданының «Дала өлкесі тарихы» музейінің директоры Г.Елтаева сөз алып, көрмені тамашалауға келген қала әкімшілігін, оқу орындарын қалың көпшілікке таныстырды. Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Ж.Ибрагимов «Дала өлкесі тарихы» музейінің директоры Г.Елтаеваны арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Көрмеге Өзбекәлі Жәнібековтың тікелей жетекшілігімен қайта қалпына келтірілген құнды жәдігерлер - ұлттық киімдер, ұлттық бас киім үлгілері, түскиіздер мен түскестелер қойылған.

3310 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper