Көрмеге XIX ғасырдың екінші жартысындағы белгілі пейзажшы, тамаша суретші Иван Шишкиннің шығармалары қойылған.
Музей қорындағы мұндай көрме алғаш рет өткізіліп отыр. Музейде суретшінің әр жылдарда жазылған үш көркем шығармалары бар – «Мүк. Тамыры», «Ескі қарағай», «Лигованың қарағайлы боры».
Ресейдің мемлекеттік Эрмитажы мен Мемлекеттік Орыс музейінен 1950-ші жылдары 11 туынды Ә.Қастеев музейінің қорына түскен болатын. Ал, коллекциядағы «Орман ішінде» атты қарындашпен орындалған жалғыз суретін – 1936 жылы Мемлекеттік Третьяков галереясы сыйға тартқан еді.
Көрме 2016 ж. қазан айының соңына дейін ашық.