Сергей Васильевич Зоров – көп қырлы тұлға. Ұзақ уақыт Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Қазақмузейрестраврация» бірлестігінде жұмыс істеді. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің шығармашылық категория бойынша білікті маманы. Қазақстанның тарихи-өлкетану музейлерін жобалап, құруда көп еңбек етті. 1980 жылдан қалалық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы, өзінің жеке көрмесін де өткізді.
Суретші көрерменді ашық қанық түстерімен жаулап алатын тамаша колорист екенін байқатты. Зоровтың пейзаждары қарапайым да түсінікті, композициясы жағынан декоративті, көзге көрінбейтін мистикалық мәнер де қылаң береді. Шарын шатқалы тақырыбындағы вариацияларда табиғаттың тазалығын ғана емес, суретшінің өзінің тазалығы мен тектілігін білдіретін қоңыр күлгін түстерді ақтың реңдерімен үйлестірген.
Зоровтың әрбір картинасы – өзінше бір музыкалық партия. Мұндағы әрбір сюжет нақ бір өзара түрленіп, салтанатты симфония құрғандай бір дыбыста үндеседі.
Оң ниетті, көтеріңкі көңіл күй «Сағым» көрмесінде қойылған жаңа жұмыстар топтамасында да жарқын аккорд береді. Оның жұмыстарында табиғат оянып, қыс орнын босатады. Міне, автор да осыған ыңғай өзінің жаңа жеке көрмесін көктемнің алғашқы күніне қойып отыр.
Көрме 2017 жылғы 1 наурыз күні сағат 16.00-де ашылады.