1 наурыз, сағат 15.00-де Дүниежүзілік жазушылар күніне орай қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – М.Әуезовтің 120 жылдық, Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 115 жылдық, Д.Әбілев пен Ғ.Ормановтың 110 жылдық, Ә.Шәріповтың 110 жылдық және Ә.Нұршайықов пен С.Шаймерденовтың 95 жылдық мерейтойлары қарсаңында «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» атты көрме ашылады.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәйшешектер гүлдегенде» Орта Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі наурыздың 4-5 күндері өтеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі тұрақты жұмыс жасайтын экспозициялар:
• Палеонтология және археология залы;
• Тарихи этнографиялық залы;
• Қазақстан Ұлы Отан соғсы жылдарында, диаспоралар мәдениеті залы;
• Қазіргі Қазақстан залы.
Қосымша ақылы залдар:
• «Ашық қор – Қазақстанның Археологиялық алтыны» экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1300 тг.
• «Антропология музейі» залы - экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1000 тг.
• «Н.Г. Хлудов» залы- экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1000 тг.
Мекен-жайы: Самал – 1 ы.а., 44 үй, т. 264-55-77, 264-46-50
Жұмыс кестесі: 9.30-дан 18.00-ге дейін, әр сейсенбі күні демалыс
Музейге кіру ақылы: ересектер үшін 300 теңге, студенттер үшін 200 теңге, зейнеткерлер үшін 150 теңге, оқушылар үшін 100 теңге, шетелдік турист қонақтар үшін 500 теңге.