Анонс


Ұлттық музей ғалымдар мен этнографтарды, музей қызметкерлерін ғылыми конференцияға шақырады

Дүйсенбі, 20 Ақпан 2017 15:51
Ұлттық музей ғалымдар мен этнографтарды, музей қызметкерлерін ғылыми конференцияға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз» атты республикалық ғылыми конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция 2017 жылғы наурыз айының 29 күні  сағат 10:00-де, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өтеді.

Конференцияның мақсаты: жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін арттыру және халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту.

Конференцияны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, ғылыми-әдістемелік қызмет.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

 

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Баяндамалар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады, көлемі А-4 форматының 4-5 беттен аспауы шарт. Үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см, оң жақ жиек – 2 см, сол жақ жиек – 3 см; шрифт – 14 кегль, «Times New Roman» гарнитурасында, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Беттің оң жақ үстінде қалыңдатылған әріппен автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері және ұялы байланыс нөмері көрсетіледі. Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың аты, одан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек.

Беттерге нөмер қойылмайды. Сілтемелер төртбұрышты жақша ішінде беріліп, онда әдебиет қолдану реті бойынша беріледі, беті көрсетіледі (мысал: [1, 25 б.]). Мақала соңында әдебиеттер қолдану реті бойынша орналастырылады. Библиографиялық сипаттамасы әдебиет туралы толық мағлұматты қамтуы шарт. Көрнекіліктер JPEG немесе Tiff форматында, 300 dpi кем болмауы керек.

Материалдар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарға дәлме-дәл сәйкес болуы керек. Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар Ұйымдастыру алқасының шешімімен жинаққа енгізілмейді. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауап береді.

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштаға жіберілуі тиіс. Файл аты мақала атымен аталуы шарт.

Конференцияға қатысу үшін мақалалар 2017 жылдың 28 ақпанына дейін Ұйымдастыру алқасына жіберілсін. Жариялым құны: тегін

Ұйымдастыру алқасының мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54. ҚР Ұлттық музейі.

Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі жауапты қызметкерлерге хабарласып білдіре аласыздар:

 

Хурметбек Айболат

жұмыс тел.: +7 (7172) 91-90-35 ішкі (612);

ұялы тел.: +7 702 5826300

е-mail: nauruzastana2017@mail.ru

 

 

Сейсенбаева Ақбота Сенбайқызы

философия докторы (PhD)

жұмыс тел.: +7 (7172) 91-90-35 ішкі (612);

ұялы тел.: +7 777 226 96 83

е-mail: nauruzastana2017@mail.ru

 

3059 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper