Анонс


Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңестің жаңа құрамы бекітілді Таңдаулы

Сәрсенбі, 14 Маусым 2017 03:59
Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңестің жаңа құрамы бекітілді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі кадрлық өзгерістерге байланысты министрлік жанындағы Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңестің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығына сәйкес, Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңестің төрайымы болып вице-министр Ақтоты Райымқұлова бекітілді. Төрайымның орынбасары - министрліктің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмас Нұразхан, ал, кеңес хатшысы ретінде министрліктің репертуарлық саясат басқармасының сарапшысы Толғанай Абишева бекітілген.

Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңестің құрамына енген мамандардың тізімі:

Ақтаева Күлайша Қабдуалиқызы – «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ директорының музей саласы жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

Алтынбеков Қырым – «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасының директоры (келісім бойынша);

Әкімбаева Үміт Бламбекқызы – Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры (келісім бойынша);

Әлімбай Нұрсан Әлімбайұлы – «ҚР Мемлекеттік орталық музейі» РМҚК директоры (келісім бойынша);

Байпаков Карл Молдахметович – археолог, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша);

Жолбарыс Нұрсерік – «Kazmuseum.kz» жеке қорының жетекшісі (келісім бойынша);

Жұмалиева Тамара Қалмырзақызы – Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры (келісім бойынша);

Зайцев Николай Алексеевич – «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафты қорық музейі» МҚКК директоры (келісім бойынша);

Ибраева Ақмарал Ғұсманқызы – музейтанушы, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Кочетов Леонид Максимович – «ҚР Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары;

Нұрахметова Гүлнара Баркенқызы – Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры (келісім бойынша);

Рахимов Ермек Анатольевич – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары;

Стромская Татьяна Александровна – Невзоровтар атындағы ШҚО Көркемсурет өнері музейінің директоры (келісім бойынша);

Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызы – «Ә.Қастеев атындағы ҚР Өнер музейі» РМҚК директоры;

Шаханова Нүриля Жақсыбекқызы – философия ғылымдарының докторы, профессор.

Айта өтейік, Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңес алдағы уақытта Қазақстан музейлерінің проблемаларын министрліктің деңгейде қарастыратын болады. Сондай-ақ, әдістемелік ұсынымдар берумен айналысады. 

6132 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper