Анонс


Алматыдағы Орталық музейде өтетін «Музейдегі түн» жобасы биыл бұрынғыдан ерекше болмақ (БАҒДАРЛАМА)

Жұма, 19 Мамыр 2017 04:08
Алматыдағы Орталық музейде өтетін «Музейдегі түн» жобасы биыл бұрынғыдан ерекше болмақ (БАҒДАРЛАМА) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2017 жылдың 19 мамырында сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін Халықаралық музейлер күні мерекесіне арналған «Музей түні – 2017: Музейлік құндылықтарға тіл біткенде» атты іс шарасын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бұл түні Музей қызметкерлері алматылықтар мен оңтүстік қала қонақтарының назарына мынадай сан алуан қызыққа толы интерактивті бағдарламалар және жанды қойылымдар ұсынады: түрлі тарихи дәуірлердің тұлғалары – андронов мәдениетінің әйелі мен сақ ханшайымы Томирис  Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихымен таныстырса, тарихи этнография залында «Қазақ батырлары» қылышпен сайысу өнерін көрсетеді, «Қазақтың абыз-қариясы», қазақ ертегілерінен алынған «Шебер әже келінімен бірге», сондай-ақ, Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің ұлттық киімдері мен дәстүрлі мәдениеттерін келушілер назарына паш етеді.

Музейге келушілер ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихи көріністермен таныса алады: 

«Көненің үні» – ақын-жырау, ақындар мен күйшілік, жыршылық өнерді қолдаушы және ежелгі музыкалық аспап – қобызды саз әлеміне әкелген Қорқыт ата туралы;

«Монеталар сыңғыры»ҚР МОМ қорынан алынған шығыс және еуропа нумизматикасы бойынша  бірегей коллекциялар туралы; «Дәстүрлі кестелеу және аппликация өнері» ұлттық ою-өрнекпен құралған дәстүрлі құрақ көрпе, сондай-ақ қалпына келтірілген кілем-киіз бұйымдарын көрсетеді;

«Қазақстанның ғарыш әлеміне саяхат»ғарыштыигеру тарихы жайлы;

«Қазақстан мергендері» «Командалық орталық» негізінде «Ардагер» Ауған соғысы ардагерлері және жергілікті қақтығыстар Республикалық қоғамдық одағының көмегімен Ұлы Отан соғысындағы қару-жарақтары үлгілерімен таныстырады;

«Шеберлер мүйісі»  ұсталық және зергерлік шеберліктен көрініс көрсетеді. Оған қоса музейде қазақтың дәстүрлі ойындары бойынша (асық ату), халық қолөнері мен ағаштан ойылған ойыншықтар мен пішіндердің жасалуы және т.б. жайлы ШЕБЕРЛІК-САБАҚТАР өткізіледі.

«Музей түні» ұлты, жасы, қызығушылығы және діни көзқарасы әртүрлі адамдардың бас қосып, пікір бөлісіп, жаңа тарихи белестерді бағындыра дамуына мүмкіндік береді. Жыл сайын музейдің шараға қолдау көрсетуші  тұрақты серіктестерінің қатары жаңа серіктестермен толығып, қолдау тауып отырады.   

Музей түні бағдарламасында: КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА Ж. Елебеков атындағы эстрадалық-цирк колледжі,  П. И. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі, Камерата Қазақстан, Гаухар Мырзабекованың жетекшілігіндегі классикалық музыка мемлекеттік ансамблі, Kaz Kids Dans би студиясы (жетекшісі Дубинчик Наталья);   Боровикова Валентина Анатольевнаның жетекшілігіндегі музыкалық джаз мектебінің Twinkle jazz  ансамблі; Саксофонда ойнаушы Тұрсұнбеков  Қайрат; Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Академиясының хореография факультетінің студентік би театры ұсынған «Asian students dance-ASD» «Би империясы», О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері жаңа «Қиял» және «Триумф» этникалық коллекцияларын ұсынады. Еліміздің М.О.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры мен М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрларының өнер майталмандары жылы лебіздерін жеткізіп, спектакль билеттеріне ұтыс ойындарын ұйымдастырады.   

Жарқын да тартымды ШОУ-БАҒДАРЛАМА музейге келушілердің көңілінен шығары анық: «Positive life Stydio», «Tesla art laboratory» компаниялары ұсынатын проекторлық, пиксельді, жарықдиодты картиналар;  Швециялық қонақтардан құттықтау - Перфоманс «Каспий теңізіндегі Викингтер» және «Baidaralin Studio» ұсынатын қазақ садақшылары;  «Tribal Pro», «Dance Stydio», «Cuban Mix» ұсынатын би шоуы; «Империал», «Сейшн» шоу-балеті; «Алматы Барабандары» шоуы; «Fire Sunset» компаниясынан от шашу, «Big bubble» компаниясынан сабынды көпіршіктер шоуы; «Лимпопо» компаниясынан ғылыми шоу; ағаш аяқты өнерпаздар;  сиқыршы Михаил Гутторов және «Город сказки» компаниясынан VR-көзілдірік, сондай-ақ тарихи образдардағы «Жанды мүсіндер» мерекелік салтанатқа аса көңілді сән бермек.

Мерекелік шарадан музей қорынан және жеке жинақ коллекциялардан ұймдастырылған көрмелер де ерекше орын алмақ. Атап айтқанда, «Көне басылымдар» – музей ғылыми кітапханасының сирек қорындағы XVIII-XX ғғ. жататын кітаптар; «Мүсін мәдениеті» - Алматы қаласының қазіргі заманғы суретші-мүсіншілері М.Жунисбаева, К.Сатыбалдина, Д.Досмагамбетова, К.Дулатова, Н.Жуваниязова, Т.Серикбаева, Т.Жумагулова, О.Рахимбекова, С.Битуганова, Д.Сарбасова, Н. Болатбекова, Б.Кайранбаева және т.б.бірегей авторлық жұмыстары, сонымен қатар Швецияның ҚР-ғы елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған швед суретшісі Туве Крабоның «Қылмыс орындары: Алғашқы найзағай» көрмесі ұсынылады.

Музейге келуші кішкентай қонақтарымыз да назардан тыс қалмайды. Бүлдіршіндерге «МАКО», «Карамельная фабрика», «Декоративные игрушки» компаниялары ұсынатын интерактивті бағдарламалар мен шеберлік-сабақтары да (аквагрим, аниматорлар, карамельдің жасалуы, сәндік мүсіншелерді бояу, түрлі шоу) қызғылықты болмақ.

Музейге келушілерге арнайы акциялар: Естелікке жедел фото. Мехенди, ежелгі қынамен денеге салынатын уақытша өрнекті сурет өнері. Кәсіби суретші Акылзан Макажановтан «Достық рәуішті портреттер». Парфюмериялық компанияларыдың косметикалық өнімдері.

#Ночьвмузее2017ЦГМРК, #ҚРМОММузейтүні2017, #NightMuseum2017CSMRK хэштегтерімен әлеуметтік желілерде «Музей түні -2017» шарасы жайлы ақпарат беріп, 5-тен артық фото орналастырған әрбір  келуші Музей тарапынан  арнайы СЫЙ-ға ие болады.          

Мерекелік кештің жүргізушілері танымал шоу-мендер Мұрат Оспанов, Даниель Джеймс және Марселен Камате

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі 19 мамыр 17.00-ден түн жарымына дейін Сіздерді «Музей түні» думанында күтеді!

Кіру ақылы.  

Байланыс телефоны: 2644650, 2645577

3039 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper