Әбіл Тауфикұлы Жоламанов 1970 жылы дүниеге келген. 1992 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тарихшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Жымпиты орта мектебінің тарих және қазақ тілінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып бастады.
1994-1999 жылдар аралығында Сырым ауданы әкімі аппаратының жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
1999-2000 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2002-2007 жылдар аралығында Сырым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2007-2008 жылдары Сырым аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болды.
2008-2014 жылдар аралығында облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры болып қызмет атқарды.
2014 жылы шілде-қараша аралығында «Батыс Қазақстан Облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚҚ директоры болып жұмыс істеді.
2015-2017 жылдар аралығында Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшы орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, медалімен марапатталған.