Анонс


Отырардан күміс теңгелер табылды (ФОТО)

Жұма, 27 Наурыз 2020 18:39
Отырардан күміс теңгелер табылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Отырар қалажұртының орнынан Бұхар ханы Абдолла ІІ-нің тұсында соғылған күміс теңгелер табылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазба жұмысы барысында XVI ғасырға тән тұрғын үй құрылысының қалдықтары анықталып зерттелді. Бұл жерде назар аударатын жәйт, жоғарғы құрылыс қалдықтарының сақталуы нашар. Тұрғын үйлердің таснауа, тандыр, жерошақ секілді негізгі нысандары ғана сақталған.

Қазба жұмысын ары қарай жалғастыру мақсатында жоғарғы құрылыс қалдықтары толығымен сипатталып, суреттері мен сызбалары түсіріліп, алынып тасталды. Қазба жұмысы барысында бос топырақ арасынан сырлы-сырсыз керамика сынықтары мен шыны пастасынан жасалған моншақ бөліктері және XVI ғасырға жататын 58 данадан тұратын күміс теңге көмбесі табылды. Археологтардың пайымдауынша күміс теңгелер Бұхар ханы Абдолла ІІ-нің тұсында соғылған. Қазіргі таңда теңгелер тазалану үстінде.

2508 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper