Музей қорындағы құнды экспонаттар коллекциясы және ұлттық мұра болып табылатын қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің бастамасымен Сыр жұртшылығы назарына ұсынылатын болады.
«АСЫЛ МҰРА» бағдарламасының алғашқы түсірілімі атадан балаға мирас болған зергерлік өнер және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы әшекей бұйымдар коллекциясына арналды.
Музей қорында сақтаулы әр жәдігердің тарихынан, оқиғалық желісінен, жасалу технологиясынан, авторларынан мәлімет беру және қазақ ұлтының материалдық емес құндылықтары болып табылатын салт-дәстүрлерді насихаттауды мақсат еткен бағдарлама көрерменнің көзайымына айналады деген сенімдеміз.