Челленджге Еуропа мен АҚШ-тың бірнеше музейі қатысқан. Италия музейлері бастаған акцияның негізгі ережесі мынадай:
Музейдегі бір немесе бірнеше экспонатты таңдап алып, экспонатқа қатысты тұлғаны, экспонатта бейнеленген гүл мен экспонаттың өзі және қаланың атауын көрсетіп коллаж құрастыру қажет. Коллажды мына суреттегідей жасаған жөн.
Атауларын былай қазақша жазуға болады: Тұлға, зат, гүл, қала.
Дайын болған соң қазақ және орыс/ағылшын тілінде мына үлгі бойынша сипаттама жазылады:
Тұлға – суреттегі кісінің аты-жөні, өмір сүрген уақыты, бір сөйлеммен қызметі немесе атағын жазуға болады;
Зат – заттың атауы, жасалған уақыты, табылған жері, не үшін қолданғанын бір сөйлеммен ғана жазған жөн;
Гүл – гүл бейнеленген экспонаттың (музейлік заттың) атауы, гүлдің атауы, жасалған уақыты мен жері көрсетіледі;
Қала – қала бейнелген экспонаттың атауы, жасалған уақыты, қала туралы бір сөйлеммен мәлімет беріледі.
Мәліметтер дайын болған соң басқа музейге челлендж ретінде жолдау үшін әлеуметтік желіде «Біз Сіздерге «Т» әріпінен басталатын экспонатты осылай жазуды ұсынамыз» деп «белгілеп» жазыңыз (Т – әріпі мысал үшін алынды. Челлендж жолдаушылар әріпті өздері таңдай алады).
Коллаж бен мәтін дайын болған мына хэштег арқылы инстаграм және фейсбук желілерінде жариялаңыз (хэштегтерді осы жерден көшіріп алған дұрыс. Екі тілдегі хэштегтің болғаны жөн): #NomiCoseNeiMusei және #МузейдегіЗаттарАтауы
Науқан аяқталған соң белсенді музейлер туралы қосымша ақпарат жарияланады.
Басты суретте: Челлендж ұсынған Польди Пеццоли музейінің ғимараты (фото музей сайтынан).