Дәрісте киіз басу өнерінің қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрлі әдіс-тәсілдері, түрлері және олардың атауларының маңызы айтылады. Сондай-ақ, музей қорындағы құнды жәдігерлерінің бірі - киіз бұйымдарының ерекше нұсқаларымен таныстырады. Аталмыш дәріс шеберлік сағатымен жалғасады. Шеберлік сағатында киіз басудың дәстүрлі әдістерінің негізін сақтай отырып, заманауи киіз басу ерекшелігі дәріптеледі.
Фото: kazakh-tv