Қазақ қолөнері – халықтың материалдық және рухани мәдениетінің жарқын көрінісі, өзінің көркемдік мағынасымен, бітім-қасиетімен ғасырдан ғасырға мұқият сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған алтын қазына.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақтаулы ағаш жиһаздар - асадал, сандық, кебеже, ағаштөсек, бесік, адалбақан т.б. тарихы, жасалу технологиясы, бедерленген ою-өрнектері халық назарына ұсынылып, ұлттық құндылықтар қайта жаңғыруда.