ONLINE КУРС: 3-ЛЕКЦИЯ «Көркемөнер музейінде музей заттарын сақтау және тіркеу ерекшеліктері (3 бөлім)»
Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020 15:11
Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының 3-видеолекциясын ұсынамыз.
Лекцияның тақырыбы: «Көркемөнер музейінде музей заттарын сақтау және есепке алу ерекшеліктері: Қорды ғылыми инвентаризациялау».
Ұзақтығы: 10 минут
Қатысушылар №2 қосымшаға сәйкес, бүгінгі лекцияны тыңдағаныңызды растайтын сауалнаманы 13 мамыр күнгі 21.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдау қажеттігін естеріңізге саламыз. Сағат 21.00-ден кейін қабылданбайды. Қосымша №2 сауалнама үлгісін мына жерден алуға болады: САУАЛНАМА №2
Келесі лекция 2020 жылғы 20 мамыр күнгі 15.00-де жарияланады.
ЕСКЕРТУ: Online курсқа тіркеу қазіргі уақытта аяқталды. Сондықтан тіркелуге арналған №1 сауалнаманы жібермеулеріңізді сұраймыз.