Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау.
Форум жұмысының міндеттері:
- түркітілдес халықтардың тарихи этногенезін, мәдениеті мен өнерін зерделеу мәселелерін өзектендіру;
- түркітілдес халықтардың тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу: материалдық және материалдық емес (рухани) мұрасын зерттеу, зерделеу;
- «Наурыз»: сақтау және насихаттаудың жаңа нысандары мен тәсілдерін анықтау және зерделеу;
- мәдениет пен ғылым ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, ғылыми және мәдени-білім беру қызметі саласындағы дәстүрлі және инновациялық бағыттарды дамыту перспективаларын талқылау үшін бірыңғай алаң құру;
- Қазақстандық және шетелдік мамандардың күшімен түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу бойынша бірлескен кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін айқындау;
- музей экспозициясы мен қор материалдары негізінде мәдени туризмді дамыту;
- музейлер арасындағы іскерлік байланысты қалыптастыру.
ФОРУМНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:
- Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті: материалдық және материалдық емес мұраларды зерттеу және насихаттау;
- Наурыз мерекесінің тарихын зерттеу, зерделеу;
- Түркі халықтарының этномәдени дәстүрлерін насихаттау;
- Тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен насихаттаудағы мәдениет мекемелері – музейлер, архив және кітапханалардың рөлі мен орны;
- Замануи инновациялық нысандардың музей саласындағы маңызы
- Тақырыптық секция: ТҮРКІ ДӘСТҮРЛЕРІ: ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕР. Уақыты мен өтетін орны: 14 наурыз,14.00 - 17.00. Музей кинозалы.
- OPEN SPACE – «ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ НАСИХАТТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТТАРЫ» әлеуметтік-мәдени ынтымақтастығы.
Уақыты мен өтетін орны: 15 наурыз,10.00 - 12.30. «Тәуелсіз Қазақстан» залы.
OPEN SPACE – әріптестік және бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру ауқымындағы заманауи коммуникацияларды дамытудың, ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттаудың өзекті мәселелерін музейлер қауымдастығы өкілдерінің, шығармашылық пен ғылым саласындағы жастардың, өнер қайраткерлерінің, тарих, мәдениет, туризм, білім беру, БАҚ және т.б. сала мамандарының қатысуымен талқылауға бағытталған пікірталас алаңы. Қатысу музейлік және гуманитарлық әріптестікке және интеграциялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жәрдемдесетін болады.
Форум аясында Қазақстан қолөнершілер одағының «ШЕБЕРЛЕР АЛАҢЫ» көрмесі өтеді.
Форумға ғылыми мекеме қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысатын жас ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар және өзге де қызығушылық танытатын тұлғалар шақырылады.
Форум жұмысына қатысу өтініші ұйымдастыру алқасының forum.muzeum-2025@bk.ru электрондық почтасы арқылы қабылданады. Форумға ұсынылған баяндамалар музейдің «MUSEUM.KZ» журналында жарияланатын болады.
Форум жұмысына қатынасушылардың барлық іс-сапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді.
Өткізу нысаны: оnline, ofline
Өтетін орны: Алматы қ., Самал – 1, 44 үй.
Өтетін күні мен уақыты: 14 наурыз 2025 жыл.
Байланыс тел.: 8(727) 264-02-88
ҰСЫНЫЛҒАН ФОРМА БОЙЫНША ӨТІНІМ
Аты-жөні:
Қызмет атқаратын мекеменің толық атауы:
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):
Лауазымы:
Байланыс телефоны:
Электрондық адресі:
Факс, E-mail:
Мәдени (театр, филармония) шараға қатысу (иә, жоқ):
Алматы қаласындағы музейлерге экскурсия (15 наурыз 9.00-13.00):
Ұйымдастырушыларға ұсыныс, пікірлер: