Музей қызметкерлері Омбы қаласына іссапармен барып, облыстық мемлекеттік тарихи архивінде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар архив кітапханасындағы сирек кітаптар мен XIX-XXғғ. мерзімді басылымдарды қарастырған.
Сонымен қатар, Омбы қаласындағы Ресей Ғылым Академиясының Этнография және археология институтының қызметкерлерімен кездесіп, Қазақстан тарихына қатысты деректерді жинаған.
Атап өтерлігі, Абайдың інісі оқыған Омбы кадет корпусы мен Абайдың ұлдары Мағауия және Тұрағұлдың өміріне қатысты деректердің көшірмелері алынып, музей қорын құнды құжаттармен толықтырған.