Анонс


Түркістандағы тарихи-мәдени этнографиялық орталықтағы жәдігерлерді көруге 30 мыңға жуық турист келген

Сәрсенбі, 17 Маусым 2015 19:55
Түркістандағы тарихи-мәдени этнографиялық орталықтағы жәдігерлерді көруге 30 мыңға жуық турист келген KAZMUSEUM.KZ -  

Өткен жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталықтағы жәдігерлерді көруге 30 мыңға жуық турист келген. Бұл туралы Шымкенттегі «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте орталық директоры Гүлжанат Дүйсенбаева мәлім етті.

Гүлжанат Дүйсенбаеваның айтуынша, өткен жылы орталыққа 30 мыңға жуық турист келген.

«2011 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысыумен ашылған бұл орталықта ежелгі тарихи дәуірден бастап, тәуелсіздік жылдарына дейінгі жәдігерлерді қамтитын 8 экспозиция бөлімі қызмет етеді», - дейді директор.

Гүлжанат Дүйсенбаева өткен жылы тарихи-мәдени этнографиялық орталық 175 жәдігермен толықтырылғанын, 38 тұрақты және 16 жылжымалы көрме ұйымдастырылғанын хабарлады. Сонымен қатар, 1327 экскурсия, 222 лекция, 114 көпшілік іс-шара өткізіліп, ақылы қызметтен түскен қаржы екі жарым миллионнан асқанын жариялады.

«Биылғы жылдың өткен бес айында орталыққа келушілер саны 10 мыңнан асты. Бүгінге дейін 20 тұрақты және 8 көрме, 621 экскурсия, 130 лекция, 64 бұқаралық іс-шара өткізіліп, осы уақыт аралығында орталық 92 жәдігермен толықтырылды. Жалпы, орталықта бүгінгі таңда 5 мыңнан астам жәдігер бар», ‒ дейді Гүлжанат Дүйсенбаева.

 

 
3479 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper