Анонс
Super User

Super User

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде филология ғылымдарының кандидаты, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, әдебиет зерттеуші, сценарист, кинорежиссер және Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Кенжебай Кәрібозұлы Ахметовтың «Күпі», «Айбоз» атты  кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Қолөнер – дәстүр жалғасы» атты жобасы аясында қолөнер шеберлерінің бұйымдарын насихаттайтын «Ісмер Ана» көрме-жәрмеңкесі өтті.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне Гүлжан Ермашқызы Мендекинова тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің  «MUSEUM.KZ» ғылыми-практикалық журналына 2024 жылға жазылу басталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығында визит орталық ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет Комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлесе отырып, 2023 жылғы  16-17 қарашада «VI Арғынбаев оқулары. Тарих, этнография және музейтану өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

В статье рассматривается возможность использования технологий написания продающих текстов для увеличения посещаемости музея. Актуальность темы определяется необходимостью переосмыслить традиционные способы освещения деятельности музеев, сделать рекламу музея более привлекательной и действенной. Теоретическая значимость статьи заключается в том, что из множества популярных приёмов копирайтинга в статье вычленяются лишь те, которые более всего приемлемы для написания продающих текстов о музее. Практическая значимость состоит в возможности использования перечисленных приёмов любым музеем для освещения любого вида деятельности. Тема интересна  музейных сотрудников и копирайтеров.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Әзербайжан Республикасы Ұлттық кілем музейімен бірлесіп, «Өрнекпен өрілген өнер» этнографиялық көрмесін өткізді. Көрмеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы қолдау білдірді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музей кеңістігінде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау, зерттеу және пайдаланудың өзекті мәселелері»тақырыбында «IV Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияcын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Еліміздегі ғылым тарихына арналған музей «Ғылым ордасы» құрамындағы Қазақстан ғылымының тарихы музейі 2010 жылғы 11 ақпан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен құрылды. Музейдің негізгі мақсаты – Қазақстан ғылымының пайда болғаннан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі жай-күйін сипаттайтын және отандық ғылым және мәдениет салаларының қайраткерлері, олардың ғылыми, мемлекеттік, қоғамдық және мәдени қызметін сипаттайтын заттай, жазба, қолжазба, бейнелеу, кино, фото, фонодеректерді жинақтау, сақтау, зерттеу және көпшілікке ұсыну.

Медиа

JoomShaper