
Super User
ТАҒАЙЫНДАУ: Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа басшы тағайындалды
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысы лауазымына Жұмабаев Батырхан Елікұлы тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей мамандары үшін республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өтеді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ғылыми-зерттеу және мәдени-білім жұмыстары бойынша музейдің көпжылдық тәжірибесімен бөлісу, музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жолдарын жүйелеу және дамыту мақсатында 2022 жылғы 23-25 қараша күндері музей қызметкерлеріне арналған «Қазіргі отандық музей: жаңа тәсілдер мен өзекті іс-тәжірибелер (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің іс-тәжірибесі негізінде)» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Гүлайым ЖҰМАБЕКОВА: Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің жобаларына көпшіліктің қызығушылығы зор
Қазақ халқының сурет өнері мен қолөнерін, басқа да құнды мәдени мұраларын насихаттап, елімізге һәм алыс-жақын шетелге таныстыруда Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің үлесі зор. Біз осыған орай Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым ЖҰМАБЕКОВАМЕН осы төңіректе әңгімелескен едік.
В 2021-2022 гг сотрудниками Государственного историко культурного музея-заповедника «Бозоқ», в рамках проекта программно-целевого финансирования МКС РК «Традиционные типы жилой архитектуры Тенгиз-Коргалжынской впадины средневекового времени: истоки и особенности эволюции», проводятся исследования средневекового памятника Бытыгай, расположенного на левом берегу реки Нуры в 1 км к востоку от с. Коргалжын Акмолинской области.
Шығыс Жетісудағы жартас суреттерін зерттеу жұмыстары XIX ғ. басталғанымен XX ғ. 80-ші жж. ғана белсенді түрде қолға алынды. Қапал ауылына жақын жердегі Жоңғар Алатауының бас жотасының бөктерінде, Қызылағаш пен Бүйен өзендерінің аралығында орналасқан осы өңірдің ғажайып ескерткіші – Баянжүрек.
Киіз басу өнеріне арналған халықаралық фестивалі өтеді
Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен American Space & MakerSpace мәдени орталығында 2022 жылғы 7-16 қараша күндері «Киіз. Felt. Keçe. Войлок.» атты кең ауқымды халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Мемориалдық музейлердің тәжірибелеріне арналған дөңгелек үстел өтті
ҚР Ұлттық музейінде «Мемориалдық музейлердің үздік тәжірибелері» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қазақстан музейлерінің мамандарына арналған біліктілік арттыру курсы өтті (ФОТО)
Қазақстан музейлерін дамытуды әдістемелік-үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 27-28 қазан күндері «XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты республикалық біліктілік арттыру курсы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Түркия музей ісі бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасында музей ісі, ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі республикалық конференцияға қатысуға шақырады
Павлодар облыстық Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына орай 2022 жылғы 23 қарашада «Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы музейлердің рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.