Визит орталықта жаңа технологиялармен жабдықталған ақпараттық бөлімдер, балалар бөлмесі, фотостудия, кафетерий орналасқан. Музей-қорыққа келушілер өлке тарихы, табиғаты, тарихи-мәдени ескерткіштер, тарихи тұлғалар туралы толық ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, музей-қорық аумағында екі музей ашылды. Оның бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ Автономиялы Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы Сейітқали Меңдешевтің мемориалдық музейі.
1842 жылы салынған ғимаратта 1918-1920 жылдары қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан бірегей тұлға Сейітқали Меңдешев тұрған.
Екінші музей мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаеваға арналған.
1842 жылы салынған мектеп қалашығының құрамында болған осы ғимаратта 1917-1919 жылдары мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаева тұрып қызмет еткен.
Фотосуреттерді музей әкімшілігі ұсынды.