Анонс


«IV Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияcы өтеді Таңдаулы

Жұма, 29 Қыркүйек 2023 12:27
«IV Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияcы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музей кеңістігінде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау, зерттеу және пайдаланудың өзекті мәселелері»тақырыбында «IV Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияcын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференцияның өтетін жері мен уақыты: 20-қазан 2023 жыл, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Есік қ. Қазақстан).

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері: тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жолдары;

• Далалық ізденістер нәтижелері бойынша тарихи-мәдени мұра обьектілерін зерттеу және қорғаудың дәстүрлі әдістемесі немесе заманауи технология;

• Пәнаралық зерттеулер мен музей ісінің мәселелері. 

Конференция қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде өтеді.

Конференция форматы: оффлайн және онлайн.

Конференцияға қатысу үшін 2023 жылдың 10 қазанына дейін  қатысу өтініші мен баяндама мәтінін келесі мекен-жайға esikoqulary@gmail.com  жіберу керек.

Конференция материалдары жинақ болып шығады. Мақаланы рәсімдеу үлгісі қосымшада көрсетілген.

Конференцияға қатысушылардың қаржы шығыны жіберуші жақтан төленеді.

 

Қосымша

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мақала мәтіні 5-10 бетке дейін (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, суреттер мен кестелерге арналған жазбалар) * doc, * docх форматында қабылданады. Times New Roman 14 шрифтпен терілуі тиіс, жоларалық интервал 1 см, жиектер жоғарғы, төмен, сол жақ, оң жақ 2 см. Азат жол 1 см.

Иллюстрация бөлек файл түрінде жіберіледі. Мақалға 10-дейін иллюстрацияға рұқсат етіледі. Иллюстрация jpg немесе tiff форматында беріледі. Мәтін ішіндегі иллюстрацияға сілтеме доғал жақшада беріледі. Мысалы (1-сурет, 2-сурет) немесе (1-кесте).

Бірінші жолдың оң жақ шетінен автордың аты мен тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы толық жазылады, екінші жолға жұмыс орны, үшінші жолға электронды поштасы, төртінші жолға қала, мемлекет көрсетіледі, баяндама атауы қанық шрифтпен, үлкен әріппен ортаға жазылады. Әрі қарай мәтін азат жолдан басталады. 

Мақала ішіндегі деректерге сілтеме доғал жақшада жасалады. (аты-жөні, жылы, беті). Мысалы: (Нурмуханбетов, 2012, 150-159). Сілтеме бірнеше авторға жасалған жағдайда алғашқы үш автор көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі баяндама соңында алфавит ретімен 12 шрифтпен беріледі. Әдебиеттер тізімі альфавиттік тәртіппен (автордың тегі мен аты-жөні, әдебиеттің атауы, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде жасалады.

Мақала қазақ тілінде болса резюме ағылшын және орыс тілінде, егер мақала орыс тілінде болса резюме ағылшын және қазақ тілдерінде, ағылшын тіліндегі мақалаға резюме қазақ және орыс тілінде беріледі. Резюме 50-100 сөз көлемінде 12 шрифтпен, мақаланың атауынан кейін келеді. Түйін сөздер іздеу жүйелерінде мақаланы индекстеуге ықпал ететін 8-10 ға дейінгі түйін сөздерді көрсету қажет.    

Талапқа сай рәсімделмеген мақалалар редакция алқасының шешімімен жинаққа енгізілмейді. Конференцияға қатысу үшін үлгіде көрсеткен өтінімді талапқа сай толтырып жіберулеріңізді сұраймыз. 

 

 

Асанов Талғат Берікұлы, т.ғ.к.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

asan@mail.ru

Есік, Қазақстан

 

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ

 

Резюме (ағылшын тілінде)

Резюме (орыс тілінде)

 

Түйін сөздер:

МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН (Нурмуханбетов, 2012, 150-159)

 

Пайдаланған әдебиеттер мен дереккөздер:

Айтқұл Х. А. «Есік» музей-қорығының 2022 жылғы археологиялық ғылыми ізденіс жұмыстарының қысқаша қорытындылары // «Орталық Азияның жазба ескерткіштері (аударма және интерпретациялау мәселелері)» атты «ІІІ Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары / жауапты ред Г.Р. Мухтарова. (22 қараша 2022 ж). Алматы: ЖК «WEST», 2022, 173-183 бб.

Акишев А. К. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука. 1984. – 77-76 с.

Халықаралық конференцияға қатысты сұрақтар, кеңестер мен мақалаларыңызды төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауларыңызды сұраймыз.

моб. тел.: +7 747 064 07 85 (Әсел), +7 701 484 52 79 (Гүлмира)

е-mail: esikoqulary@gmail.com  

 

«Музей кеңістігінде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау, зерттеу және пайдаланудың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушының

ӨТІНІМІ

 

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)    

 

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы

 

Қызмет орны

 

Қала, мемлекет

 

Байланыс телефоны

 

E-mail

 

Мақаланың атауы

 

Қатысу форматы (оффлайн / онлайн)

 ____________________________________________________

 

 

1112 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper