Анонс


Музейдегі тұсаукесер: Кенжебай Ахметовтың «Күпі», «Айбоз» атты кітаптары жарыққа шықты

Жұма, 03 Қараша 2023 03:04
Музейдегі тұсаукесер: Кенжебай Ахметовтың «Күпі», «Айбоз» атты  кітаптары жарыққа шықты KAZMUSEUM.KZ -  

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде филология ғылымдарының кандидаты, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, әдебиет зерттеуші, сценарист, кинорежиссер және Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Кенжебай Кәрібозұлы Ахметовтың «Күпі», «Айбоз» атты  кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесу рәсімінің ашылуында Жезқазған қаласының әкімінің орынбасары Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев кеш иесіне арнап, ізгі тілегін жеткізді.

Қос еңбектің авторымен кездесу барысында «Жазушымен сұхбат» айдары жүргізілді. Сұхбат кезінде Кенжебай Кәрібозұлы «Күпі», «Айбоз» атты  кітаптарының жазылу барысы, мазмұны туралы әңгімелеп берді. Тұсаукесер иесінің құрметіне әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серік Кәрібайұлы Оспановтың орындауындағы әндер шырқалды.

Сонымен қатар, тұсаукесер рәсімінде «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Ардагерлер кеңесінің  және «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, ғалым, металлург Төлеген Нұрмағамбетұлы Бүкіров, Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Оңқонысқызы Қапарова, ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы Мұқаш Сейтқазинов,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші Береке Көшенов, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын Ғазиз  Елеусізбайұлы Ештанаев, Ұлытау облысы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Абдолла Байділдәұлы Дастанов, журналист-блогер Ізтілеу Бекенұлы Түсіпов кеш иесін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

410 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper