"Шілде айының 15-20 аралығында ақын, мәдениеттанушы Құсмилия Нұрқасымның бастауымен құрамында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Аманатай Исин, Үржар музейінің басшысы Серік Туғанов, өлкетанушы Орзамбай Бекбаев, композитор Ахметхан Алпысбаев, Қазақстан-Семей телекешенінің операторы Бауыржан Жолдыбалин, Жырғалы Едіге бар - «Үржар-Барқытбел» экспедициясы Тарбағатайдың таңбалы тастарын зерттеп оралды. Ұзындығы бір, ені жарты шақырымдай әр түрлі, мың-миллион тас суреттер – болашақ ғылымға тың жаңалықтар әкелетіндігі даусыз. Теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктегі «Ақберді петроглифтері» б.з.д. II - III ғасырларға тән екендігі анықталды", - делінген хабарламада.
Үржарлық ғалымдар ауданның таңбалы тастарын зерттеуді аяқтады
Жұма, 31 Шілде 2015 18:13
KAZMUSEUM.KZ -
Шығыс Қазақстан облысы, Үржан ауданының ғалымдары ауданның таңбалы тастарын зерттеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.