Анонс


Тұңғыш Президент Музейінде Олимпиадалық спорт күні өтеді

Дүйсенбі, 22 Ақпан 2016 14:14
Тұңғыш Президент Музейінде Олимпиадалық спорт күні өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған Олимпиадалық спорт күні өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Іс-шараның басты қонақтарының қатарында Қ. Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының оқушылары, «SOS Детская деревня Астана» тәрбиеленушілері және №3 мектеп-гимназиясының оқушылары болады.

 Іс-шараның бағдарламасы:

Өтетін күні: 2016 жылдың 26 ақпаны.

 

11.00 – 12.00 

1-қабат. Баспасөз залы.

1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченкомен кездесу.

 

12.00 – 12.20

4-қабат.

Күмбезді залдың фойесі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығымен кездесу.

ҚР ҰОК материалдарын Музейге тарту ету рәсімі.

 

12.20 – 12.50

4-қабат.

 

«Қазақстанның спорттық даңқы» залына экскурсия жасау.

 

11.00-де Қ. Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының оқушылары, «SOS Детская деревня Астана» тәрбиеленушілері және №3 мектеп-гимназиясы оқушыларының 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченкомен кездесуі өтеді.

Юрий Мельниченко – грек-рим күресінен ҚР еңбегі сіңген спорт шебері. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы. Грек-рим тәсіліндегі қазақстандық палуан, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, XXVI Олимпиада ойындарының 57 кг салмаққа дейінгі дәрежесіндегі әлем чемпионы. Оның Дэннис Холлмен күрестегі айқын жеңісі егеменді Қазақстанның тарихындағы грек-рим күресі бойынша қол жеткізген алғашқы алтын жүлде болатын. Сол кездері американдық БАҚ өкілдері «Жарық жылдамдығындай өзіндік лақтыру әдісі» деп жарыса жазған еді. Чемпионның бұл жеңісі – Қазақстанның спорт тарихындағы жарқын беттердің бірі.

12.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығымен кездесу өтеді. ҰОК өкілдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жылдық сыйлығының үлгісін Музей қорына тапсырады. Бұл жәдігер «Қазақстанның спорт даңқы» залындағы бірегей жәдігерлердің қатарынан құрметті орынға ие болатыны сөзсіз. 

Жас қонақтар «Қазақстанның спорт даңқы» залына жасалатын экскурсия барысында Мемлекет басшысына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейіне сыйға тартылған түрлі жарыстардан жеңіп алынған құнды спорттық жүлделерді көре алады. Соның қатарында – олимпиада чемпионы 
А. Винокуровтің велосипеді, Б. Артаевтың  «Афиныдағы Олимпиадалық ойындардың чемпионы тәжі», бокстан әлем және олимпиада чемпионы  С. Сапиевтің боксерлік қолғаптары, IBF және IBА дәрежесіндегі бокстан әлем чемпиондары В. Жиров және М. Мәзімбаевтардың белдіктері, олимпиада чемпионы О. Шишигинаның медалі, VII қысқы Азия ойындарының факелы мен медальдерінің жиынтығы, хоккейшілердің, VII қысқы Азия ойындары чемпиондарының қолтаңбалары жазылған доп таяқтар және т.б.

 

2446 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper