Ұлан Болатұлы 1989 жылғы 10 мамырда Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған;
2010 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолы (жалпы 13 жыл, мемлекеттік қызметте 11 жыл, оның ішінде басшылық қызметте 8 жыл):
2010-2012 жылдары Абай ауданы Қарауыл гимназиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі;
2012-2020 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
2020-2022 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы;
2022 жылы Абай облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы;
2022-2024 жыл Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшының орынбасары, басшысы.