Анонс


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Таңбалы» музей-қорығын аралап көрді (ФОТО) Таңдаулы

Дүйсенбі, 25 Наурыз 2024 01:59
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Таңбалы» музей-қорығын аралап көрді (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Ерлан Тынымбайұлы «Таңбалы» кешенін аралап, петроглифтерді сақтау және қорғау жағдайымен танысты.  Мемлекеттік кеңесшімен кездесу кезінде музей-қорық мамандары тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы өзекті тақырыптарды қозғады. Атап айтқанда, Таңбалы аймағында басқа да петроглифтер шоғырланған аумақтар – Аққайнар, Басбатыр, Серіктас, Қарақыр  және сол сияқты өзгеде жартас суретті шоғырланған археологиялық   аймақтарды қорғау мәселесі көтерілді.

Айта өтейік, 2024 жылғы 14-15 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен ІІІ Ұлттық құрылтай отырысындағы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстанды «Таңбалы тастар мекені»» деп баға берген болатын. «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы — Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан. 21 жылдан астам уақыт бойы көпшілікке музей-қорық ретінде қызмет көрсетіп келеді.

Таңбалы – Орталық Азиядағы жартастағы өнердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілген бірінші ескерткіш.

324 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper