Анна Кущенко 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін («Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша бакалавр, «Әлем тарихы» мамандығы бойынша магистратура) тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
2002 – 2003 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің жоғары санатты экскурсия жетекшісі;
2003-2004 жж. - «Глобус Транзит» ЖШС атқарушы директоры;
2005-2023 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және сыртқы байланыстар бөлімінің жетекшісі;
2023 жылдың қыркүйегі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы Музей басқармасының басшысы;
17.10.2023 – 2024 ж. қаңтар – Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің педагогика және дизайн бөлімінің сектор меңгерушісі, маркетинг, дизайн және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.