Семинар қонақтарының құрамында «Шексіз мұра» Халықаралық ұйымының реставратор мамандары Натали Хардинг (Англия) және Мария Николаевна Лединская (Ресей). Және Ә.Марғұлан атындағы археология институтының жас маманы Анна Кузьминовалар (Алматы) болды.
Музей қызметінің басты бағыттарының бірі тарихи жәдігерлерді қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жөнінде ой қозғай ғалымдар «Былғары, қағаз және басқа органикалық материалдардан жасалған жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстары» және «Металдан жасалған жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстары» атты тақырыптары бойынша лекциялар оқыды.
Сонымен қатар, музей қызметкерлеріне шеберлік дәрістері өткізілді. Түс ауа ғалымдар мен қатысушы қонақтар «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің қор бөлімінің жұмыстарымен танысып, ризашылықтарын білдірді.
Жиын соңында «Шексіз мұра» Халықаралық ұйымының атынан семинарға қатысқан музей қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.