Алаш жұртының көрнекті қайраткері, ұлы тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның дүниеге келуіне 150 жыл толған құрметіне арналған «Қазақ жерінің бүтіндігі және Ә.Бөкейханның идеялық ұстанымы» атты дөңгелек үстел өтеді. Аталмыш шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Парламент депутаттары қатысып, тақырыпты талқылайды. Соңында арнайы дастархан жасалады.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Атамекен-Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің 15 жылдық мерекесі арасында тығыз сабақтастық бар.
«Атамекен-Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені - тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында толықтай межеленген шекарамызды, кең байтақ еліміздің аумағын тұтастай қамтыған түрлі табиғи көріністерді, тарихи құнды ескерткіштерді, әр аймақтың өзіне тән сәулетті құрылыс нысандарын бейнелеген макеттерден тұратындығын ескерсек, біздегі әр жәдігер кейінгі жас буынды отаншылдық рухқа жетелейтіндігін ерекше атап айту ләзім.