Анонс


Камил Муллашевтың ретроспективасы көпшілік назарына ұсынылады

Бейсенбі, 30 Маусым 2016 10:21
Камил Муллашевтың ретроспективасы көпшілік назарына ұсынылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 1 шілде күні сағат 17:00-де Астана күні қарсаңында «Камил Муллашевтың ретроспективасы. Менің заманым» атты көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Камил Муллашев  - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халық суретшісі және Татарстан Республикасының Ғабдулла Тоқай атындағы мемлекеттік сыйлығы иегері, Франция көркем өнер академиясының күміс медалі иегері, Қытай Өнер академиясының академигі.

К.Муллашевтың туындылары Мемлекеттік Третьяков галереясының, Ә.Қастееватындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорларында, сол сияқты Қазақстанның жеке коллекцияларында және АҚШ, Франция, Германия, Лихтенштейн, Түркия, Қытай және т.б.  шетелдердің топтамаларында сақтаулы.

2895 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper