Анонс


Оралдықтар «Алтын адамды» тамашалады

Бейсенбі, 30 Маусым 2016 12:18
Оралдықтар «Алтын адамды» тамашалады KAZMUSEUM.KZ -  

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай еліміз бойынша «Ұлттық музей – сенің қалаңда!» атты мәдени тур бастау алды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырып отырған мәдени саяхат алдымен Орал қаласына табан тіреді. Оралдық көрермендер Ұлттық музейдің ең құнды мұрасының бірі – «Алтын адам» жәдігерін тамашалап, арнайы бағдарламаның куәсі болды.

«Алтын адам» – халқымыздың ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Атаулы жоба аясында қала жұртшылығы мен қонақтары тек музей төрінде ғана тұратын құнды жәдігермен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, батысқазақстандықтар «Ұлттық музейдің 10 шедеврін» тамашалады. Ғасырлар бойы қалпын бұзбаған асыл мирас өнерсүйер қауымның ерекше қызығушылығын тудырды. Астаналық музейді араламағандар үшін «Ұлттық музейге саяхат» таныстыру бейнеролигі жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, 3D технологиясы арқылы музейдің әр залы жеке-жеке таныстырылды. Шараға облыс әкімдігінің өкілдері мен өзге де салалардан қонақтар қатысты. Тәуелсіз Қазақстанның брэндіне айнал¬ған «Алтын адам» ескерткіші өзге қалаларда да кең көлемде таныстырылмақ. Көрмені тамашалау тегін жүргізіледі.

Бұдан әрі көрме Ақтөбе қаласында жалғасады.

5326 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper