«Қазақтың қасиетті киіз үйі», «Суырып салма айтысы» мен «Күмбірлеген киелі күйі». Ендігі жерде бұл қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани мұрасы саналады. Оған куә – бүгін музейге тапсырылып отырған ЮНЕСКО-ның арнайы сертификаттары. Сөз жоқ, бұл енді бірнеше күннен соң бүкіл ел болып атап өтетін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту әрі лайықты үлес деп білемін», - деді И. Тасмағамбетов.
Осыдан кейін, вице-премьер ЮНЕСКО сертификаттарын этнографиялық залға тұрақты қою үшін Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбайға салтанатты түрде тапсырды.
Экспозицияның ашылуында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері, күйші Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков, сонымен қатар, айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова, Серікзат Дүйсенғазы қатысып, сөз сөйледі.
Сонымен бірге, еліміз 2017 жылы ЮНЕСКО-ның аталған тізіміне «Асық ұлттық ойыны» номинациясын енгізуді және «Қорқыт мұралары» көпұлттық номинациясын үйлестіруді жоспарлап отыр.