Анонс


«Казахстанская правда» газеті Ұлттық музейде көрме өткізді (ФОТО) Таңдаулы

Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2016 18:27
«Казахстанская правда» газеті Ұлттық музейде көрме өткізді (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Республикалық «Казахстанская правда» газеті» Акционерлік қоғамы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Шара барысында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай: «Казахстанская правда» газетімен біздің мәдениетіміз де, әдебиетіміз де, руханиятымыз да тығыз байланыста. Себебі, елімізде болып жатқан маңызды жайттарды оқырманға, соның ішінде орыс тілді оқырманға жеткізуде бұл басылымның еңбегі ерен екені сөзсіз. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Менің Қазақстаным» фотокөрмесін  ұйымдастырған «Казахстанская правда» газетіне алғыс айтқым келеді», – деді.

Өз кезегінде «Казахстанская правда» республикалық газеті» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Александр Тараков Ұлттық музей ұжымына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін айтты.

«Бүгінгі көрменің тақырыптық ауқымы өте кең. «Менің Қазақстаным» тақырыбына еліміздің табиғатын, Қазақстанның халқын барлығын түсіруге болады. Біз бүгінгі көрмеде «Менің Қазақстаным» атты республикалық фотобайқаудың қорытындысын ұсынып отырмыз. Біздің редакцияға еліміздің түпкір-түпкіріндегі фотосуретшілерден 600-ге жуық суреттер келіп түсті. Ал көрмеде тұрған 60 сурет солардың ішіндегі ең әдемілері», –  деп көрме туралы аздаған мәлімет бере кетті. 

Аталған байқауда «Ауылдағы жаз» атты туынды қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды иеленді. Оның авторы алматылық Айтжан Мұрзанов.

Жастардың әскери-патриоттық жиыны барысында жасалған аға сержант Думан Құрманғалиевтің суреті екінші орынға ие болды. 

Ал Сергей Суров өзінің «Ақ аруанасымен» үшінші орынды иемденді.

6056 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper