Музей қонақтарының басым көпшілігі әйелдер
Сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, Ұлттық музейге келген қонақтардың 35,16 %-ын ерлер, 64,83 %-ын әйелдер құрайды.
Жастар музейге жиі барады
Жас шамасына қарайтын болсақ, музейге жиі баратындар: 17-24 жас аралығындағы азаматтар - 42,04%, 25-35 жас аралығындағылар - 23,86 %, 55 және одан жоғары жас аралығындағылар - 13,64 % болып отыр.
Бірнеше жыл қатарынан музейге бармайтындар көп болып отыр
Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандардың 43,9 %-ы музейге көптен бері (бір немесе одан көп жылдан бері) келмегендерін айтса, 25,6 %-ы жылына бір рет шамасында келетіндерін айтқан. Қалған бөлігі 14,63 % -ы жылына екі реттен кем емес, 10,97 % -ы жылына үш-төрт рет, 4,88 % -ы айына бір рет келетіндерін атап көрсеткен.
Көпшілік музейге достарымен келгенде ұнатады
Музейге келушілердің 55,33%-ы музейге достарымен келгенді ұнатса, 30,09%-ы отбасымен, 9,7 %-ы жеке аралағанды, қалған 4,85 %-ы ұжымымын біреге келгенді қалайтын болып шықты.
Музей – ақпарат пен білім ордасы
Сауалнамаға жауап берушілердің 81,52 %-ы музейге ақпарат пен білім алу үшін келсе, 18,48 %-ы музейге рухани демалу үшін келетіндерін айтты.
Музейдің насихаты үшін газет-журналдың рөлі аз болып отыр
Сауалнамаға қатысушылардың 55,32%-ы музей туралы ақпаратты ғаламтор желісінен, 34,04% достарының кеңесімен келгенін айтса, 9,57 % мерзімді баспасөз беттерінен алатынын айтқан.
Әркімнің өз қалауы бар
Музейге барғандардың23,25%-ыежелгі және ортағасырлар тарихына, 14,72 %-ы этнографияға, 12,4 %-ы кейінгі ортағасыр мен жаңа заман тарихына, 21%-ы Тәуелсіз Қазақстан тарихына, 10,07 %-ы заманауи өнерге, 18,6 %-ы белгілі бір тақырыпқа қызығатынын айтқан.
Экскурсоводсыз музей бос
Музейге келушілердің 61,11 %-ы экскурсовод қажет етсе, 38,89 %-ы музей залдарын жеке аралағанды жөн көрген.
Музейден ретро фильмдер залын ашса артық болмайды
Музей жұмысын заманауи әдістермен толықтыру туралы сұраққа жауап бергендердің ішінде 35,63%-ы заманауи аппаратурамен (мультимедиа, сенсорлы киоскі және т.б.) жабдықтауды ұсынса, 44,83%-ы ретро фильмдерді көруге арналған залмен толықтыру туралы ұсыныс айтқан. Ал, демалыс аймағын (кофе, шәй) ашуды қалағандар 11,49%-ды құраса, 8,04 %-ы кәдесый дүкенін ашу қажет деп көрсеткен.
Атымтай жомарттар аз емес
Музей ісіне қатысқысы келетін азаматтардың ішінде 41,02 %-ымузейге жәдігерлер мен тарихи құжат тапсыруға дайын екендіктерін айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 17,94%-ы жомарттық танытып, қаржылай тұрғыдан көмек беруге дайын екендіктерін жазған. Ал, қолдан келгенше көмектесуге (мүмкіндігінше көмектесуге) 41,02 %-ы дайын екендігін айтқан.
Музей билеттерінің құны қолжетімді
Сауалнамаға қатысқандардың ішінде 12,5 %-ы билет құны қымбат десе, 80,68 %–ы билет құны қолжетімді екенін айтқан. Ал, 6,82 %-ы билет құны «өте арзан» деген графаны белгілеген.
Қымбатты оқырмандар!
Жоғарыда аталған саулнаманы Ұлттық музейдің әдістемелік қызметі жүргізген. Сауалнамаға қатысты ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса төменде «пікір» ретінде қалдыруларыңызды сұраймыз. Назарларыңызға рахмет!
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты рұқсатсыз көшіріп жариялауға болмайды. Қандай да бір бөлігін пайдалану үшін kazmuseum.kz сайтының рұқсаты қажет.
Төмендегі сілтемені басып, бөлісе отырыңыз,
алдын ала алғыс білдіреміз)