Анонс


Ұлттық музей «ARUAQTIN TUSI» атты көрмесін ашты Таңдаулы

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 14:43
Ұлттық музей «ARUAQTIN TUSI» атты көрмесін ашты KAZMUSEUM.KZ -  

Ұлттық музейде Еуразиялық Мәдени Альянспен (Алматы қ.) бірлесіп суретші Молдақұл Нарымбетовтың «ARUAQTIN TUSI» көрмесін ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрме «Қазақстанның заманауи өнері тарихындағы тұлғалар» атты музей жобасын іске асыру аясында өткізіліп отыр. Көрмеде шебердің ең маңызды және көрнекті жұмыстары қойылған. Олардың ішінде кескіндемелік жұмыстар, инсталляциялар, суретшінің қатысуымен түсірілген видеоперформанс, сонымен қатар М. Нарымбетов шығармашылығы жайында деректі фильм ұсынылды.

 Көрменің ашылуында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов: «Молдақұл Нарымбетов Қазақстанның заманауи өнерінің дамуына үлкен еңбек сіңірген суретші. Оның шығармаларның мағынасы терең, идеясы бөлек. М. Нарынбетов сурет өнерін жаңа қырынан танытып, өзіндік тәжірибе жүргізіп, бөлек бағыт қалыптастырған суретші. Сонымен қатар, автор заманауи техниканы мүсіндеп, шығармашылығын бақсылық қасиетімен үйлестірген. Осының барлығын көрмеге қойылған шығармалардан тамашалауға болады», - деді.

Молдақұл Нарымбетов (1946-2012) Қазақстанның ғана емес Орталық Азия аумағының заманауи өнерінің дамуы мен танылуына  зор үлесін қосқан «Қызыл Трактор» (1990 ж.) арт-тобының белді мүшесі болған. Ол қалыптасып үлгерген суретшіге креативті көркем үлгілерді батыл меңгеруге мүмкіндік берген даралығымен, асау мінезімен ерекшеленді. Оның мифке құрылған шығармашылығы пішіні жағынан архаикалық, мазмұны жағынан заманауи болып табылады, сол себепті де біз оны бірегейлігін тауып дамыта білген дара суретші ретінде танимыз. 

«Қызыл трактор»  арт-тобының мүшесі Смайыл Баялиев: «1993 жылдан бастап Молдағұлмен бірге жұмыс істедік. «Қызыл трактор» тобын құрып, Оңтүстік қазақстан облысында түрлі көрмелер ұйымдастырдық. Молдақұл еңбекқор адам, ол түрлі салада жұмыс істеді. Ағаш шауып, мүсін жасаумен қатар, абстракция, перфоманс бойынша жұмыс жасады. Ата-бабасынан берілген бақсылық қасиетті өнерімен ұштастырып, шығармаларында бейнеледі. Молдақұл өте белсенді болатын», - деп суретші туралы лебізін жеткізді.

Молдақұл Нарымбетовтың ескі автомобиль доңғалағының тысынан жасаған мүсіндері шығармашылығындағы маңызды жұмыстары болып табылады және олар  елімізде ғана емес, шетелдерде де танымал. Мысалға, "Скарабей"  арт-нысаны үлкен шарды дөңгелетіп келе жатқан қоңыз бейнесін көрсетеді. Шығарма мәңгілік қайта оралу, еңбек пен шығармашылықты білдіретін Күннің нышаны-қоңыз туралы ежелгі аңызға негізделген. 

2657 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper